Құрылым

Қаржы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімі

Қаржы және материалдық - техникалық қамтамасыз ету бөлімі Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай – ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Толығырақ

Телефон:

+7 (72533) 5-83-70

Электрондық пошта:

n.kalenova@adilet.gov.kz

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Нормативтік құқықтық актілер жобаларына заң сараптамасын жүргізу, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын мемлекеттік тіркеу, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімін қағаз түрінде  жүргізу

Толығырақ

Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі

Заңды тұлғалардың, олардың өкілдіктері мен филиалдарын тіркеу мәселелері бойынша кеңес беру, тіркеу және таратылуын тіркеу бұйрықтарын тексеріп, оларды департамент басшылығына қарауына жолдау; іс қағаздарының дұрыс жүргізілуін бақылау; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді анықтап, түзелген хаттамаларды соттарға жолдап, олардың қарау барысын қадағалау.

Жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша қызметтерін әдістемелік қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуге бақылауды жүзеге асыру және тиісті дерекқорлардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Толығырақ

Телефон:

+7 (72533) 5-83-36

Электрондық пошта:

a.pirmetov@adilet.gov.kz

Құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі

Құқықтық түсіндіру жұмыстарының сапалы және уақытылы жүргізілуін қадағалауды, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысатын тұлғаларға әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді, жасалған нотариаттық іс-әрекеттердің заңдылығының сақталуына профилактикалық бақылау жүзеге асыруды, адвокаттық және нотариаттық қызметке үміткерлерді аттестаттау жүргізуді, азаматтардың және заңды тұлғалардың адвокаттардың, нотариустардың, заң консультанттарының іс-әрекеттерiне қатысты өтiнiштерiн қарауды, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде жекеше нотариустардың мекен-жайлары бойынша өзгерістер енгізуді, Министрліктің және Әділет департаментінің веб-сайттарына ақпарат дайындау және жіберу жұмыстарын жүргізеді

Толығырақ

Телефон:

+7 (72533) 5-83-54

Электрондық пошта:

n.erbekeshov@adilet.gov.kz

Зияткерлік меншік құқығы бөлім

Зияткерлік меншік құқығы бөлім Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР заңдарына, ҚР Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа нормативтік құқықтық актілеріне, сонымен қатар осы ережелерге сәйкес жүргізеді.

Толығырақ

Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі

Сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті туралы ережені, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" РММ туралы ережені, өзге де нормативтік актілермен реттеледі.

Толығырақ

Телефон:

+7 (72533) 5-83-87

Электрондық пошта:

zh.toksabaev@adilet.gov.kz

Әкімшілік бөлімі

Әкімшілік бөлім Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Түркістан облысы Әділет департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып  табылады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

Толығырақ

Телефон:

8/72533/5-83-53

Электрондық пошта:

m.akhtanov@adilet.gov.kz