Құрылым
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және қызметі саласындағы бақылау бөлімі
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және қызметі саласындағы бақылау бөлімі коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркейді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркейді; мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асырады; Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асырады; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады; нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; азаматтық хал актілерінің екінші данасы бойынша мұрағат қалыптастырады.
Бөлім басшысы:
Телегенова Анар ЕсеновнаТелефон:
8(7292)30-20-10 (121)Электрондық пошта:
a.telegenova@adilet.gov.kzӘкімшілік бөлімі
Әкімшілік-құқықтық бөлімі Департамент қызметін жоспарлауды, ұйымдастыруды және талдауды қамтамасыз етеді; Департаменттің кадрлық саясатын жүзеге асырады; Қызметтік құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің уақытылы және сапалы қаралуын ұйымдастырады; Қызметтік тексерулер жүргізеді; Кадр мәселесіне қатысты комиссиялар жұмысын, оның ішінде конкурстық комиссиясы, Департамент және аумақтық бөлімшелер қызметкерлерінің қызмет өткерген жылдарын анықтау туралы комиссиясы, Департаменттің тәртіптік комиссиясы жұмысын ұйымдастырады; Құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді, құжаттармен жұмыс істеуде қазіргі заманғы техникалық құралдарды қолдануды, Департаменттің құрылымдық бөлімдерінде құжаттармен жұмыс істеуге әдістемелік басшылық жасау мен белгіленген тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Бөлімнің өкілеттігі шегінде жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бағытында әдістемелік нұсқаулар және ұсынымдар жобаларын дайындайды; Бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді, өңірлік нормашығармашылықты үйлестіреді.
Бөлім басшысының м.а.:
Мангулова Гулбану АдыловнаТелефон:
8 /7292/ 30-20-06Электрондық пошта:
g.mangulova@adilet.gov.kzҚұқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімі
Тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімі коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркейді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркейді; мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады; жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлінің тiзiлiмiн жүргiзу саласындағы мемлекеттiк саясатты іске асырады; Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша iс жүргiзуді жүзеге асырады; "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік қорпорациясының коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы қызметін мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады; нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; азаматтық хал актілерінің екінші данасы бойынша мұрағат қалыптастырады.
Бөлім басшысы:
Исакова Айнур ЕркалиевнаТелефон:
8(7292) 30-20-11Электрондық пошта:
a.isakova@adilet.gov.kzСот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі
Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімі атқарушылық өндіріс мәселесі бойынша Маңғыстау облысы жөніндегі мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының өңірлік алқа қызметтерін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады; талдайды және анықталған бұзылған заңдылық бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою мен болдырмау бойынша шаралар қолданады; кешенді тексеруге, ұйымдастыруға және Маңғыстау облысы жеке сот орындаушыларының қызметін жоспарлы және жоспардан тыс тексеруді жүзеге асыруға қатысады; мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына нормативтік құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы «Атқарушылық өндіріс пен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңымен жүктелген қызметтері мен мақсаттарының жағдайы және тиімді орындалуын бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының әрекеті (әрекетсіздігі) және шешіміне байланысты азаматтар мен заңды тұлғалардың жүгінуін қарастырады; конференция, «дөңгелек үстел» ұйымдастыруға және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Маңғыстау облысы Әділет департаментінің басқа да ғылыми-тәжірибелік іс-шараларына қатысады; Маңғыстау облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасымен өзара әрекеттеседі; атқарушылық әрекетті іске асыру кезінде атқарушылық өндіріс мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнаманы сот орындау - шыларының сақтауын тексереді; жеке сот орындаушыларының іс қағаздарды жүргізу ережесін сақтауды, соның ішінде іс-қағаздарды жүргізу кезінде тілге қойылатын нормаларды сақтауды тексереді; жеке сот орындаушылары кеңсесінің орналасқан орны мен жабдықтарына қойылатын талаптарды сақтауын тексереді; лицензия алушылардың лицензия талаптарын сақтауын тексереді.
Бөлім басшысы:
Жекеев Айболат ШымболатұлыТелефон:
8 7292 30 20 04Электрондық пошта:
ai.zhekeev@adilet.gov.kzЗияткерлік меншік құқығы бөлімі
Зияткерлік меншік құқықтары бөлімі зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады.
Бөлім басшысы:
Курманов Жамбыл АбдрахмановичТелефон:
8(7292) 30-20-14Электрондық пошта:
zh.kurmanov@adilet.gov.kzҚаржы және материалдық – техникалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімі бюджет қаражатының шығыстарын дұрыс, тиімді жоспарлау, оны толық игеруді; әділет департаментін, оның құрылымдық бөлімшелерін қаржылық және материалды-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады
Бөлім басшысы:
Епенова Әсем ӘнесқызыТелефон:
8 (7292) 30-20-05Электрондық пошта:
a.epenova@adilet.gov.kz