Жиі қойылатын сұрақтар
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Электрондық тіркеу жеделдетілген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.
- Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.
- Өтінішті толтырыңыз және ЭЦҚ-мен (электрондық цифрлық қолтаңба) қол қойыңыз.
- Апостильденетін құжаттың скан-көшірмесін (құжат көшермесін сканерлеуге жол берілмейді) тіркеу қажет. Сканерленген құжат түпнұсқамен бірдей болу керек, мәтінді өшіріп, түзетулер енгізуге жол берілмейді.
- «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы «Төлеу» батырмасын басып төлемақы жасау қажет.
- Төлемақы өткеннен кейін жеке кабинеттің «Қызмет алу тарихы» бөлімінде Сіздің өтінішіңіздің өңделіп, электронды апостиль мөрінің қойылғандығы туралы хабарлама немесе дәлелді бас тарту келеді.
- Апостиль мөрінің астында мемлекеттік органның электрондық парақшасының мекенжайына сілтеме орналасқан. Шет елдің құзыретті органы https://egov.kz/cms/kk/services/apostil/apostil сілтемесі арқылы тексере алады.
- Онлайн қызметтің бұл түрін алар алдында, «апостиль» электронды мөрінің сол шет мемлекетінің қабылдайтынын/қабылдамайтынын алдын-ала біліп алу қажет екенін ескертеміз.
- Азаматтардың ХҚКО –на жүгінулері мен қағаз құжат айналымының қысқаруы;
- Азаматтардың бұл қызмет түрін алуға әлемнің кез-келген жерінен жүгіну мүмкіндігі;
- Алаяқтықтан жоғары сақтануы (сақтанудың 2 дәрежесі қарастырылған – QR код және қауіпсіздік коды);
- Құжаттардың жоғалуын болдырмау;
- Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 2 жұмыс күнінен 1 жұмыс күніне қысқартылды.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 99-бабына сәйкес алимент бойынша берешек мөлшерін сот орындаушысы өндіріп алу жүргізілмеген уақыт ішінде борышкер алатын нақты жалақыға (кіріске) сүйене отырып, шешімнің орындалатын жері бойынша айқындайды. Егер борышкер осы кезеңде жұмыс істемеген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, ай сайынғы төлемдер және (немесе) алимент бойынша берешек берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізге алына отырып айқындалады.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 125-бабына сәйкес атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкер әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Жауапкершілікке тарту борышкерді атқару құжатында көзделген іс-әрекеттерді орындау міндетінен босатпайды.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 47-бабына сәйкес атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған жағдайларда сот орындаушысы бір тәулік ішінде бұл туралы қаулы шығарады. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтатумен бір мезгілде мәжбүрлеп орындату шараларының күші жойылуға жатады. ТП негізінде тоқтатылған атқарушылық құжаттар бойынша. 1-тармақтың 1), 2), 2-1) және 7) тармақшалары Орындалғаннан кейін атқарушылық санкциясы, орындау жөніндегі шығыстар, өсімпұлдар және жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомасы өндіріп алынуға жататын Заңның 47-бабының орындалуын қамтамасыз ету шаралары оларды өндіріп алғаннан кейін ғана жойылуға жатады.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 32-бабына сәйкес сот орындаушысы Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. Атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар: 1) борышкердің өзіндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, оның мүлкіне тыйым салу; 2) борышкердің банктердегі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкіне тыйым салу болып табылады.
"Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының (бұдан әрі-заң) 36-бабының талаптарына сәйкес борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін және мерзімді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек болмаған кезде, сондай-ақ Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу аяқталғаннан кейін ол атқарушылық құжаттың талаптарын орындаған кезде жүргізіледі. Заңның 48-бабында көзделген негіздер бойынша аяқталған атқарушылық іс жүргізу бойынша атқарушылық құжат талаптарының орындалуы туралы мәліметтерді алған кезде сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде борышкерді ҚР борышкерлерінің бірыңғай тізілімінен шығару үшін уәкілетті органға тиісті ақпарат жібереді.
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы занының 72-бабына сәйкес жеке тұлғаның мүлкiне өндiрiп алуды қолдану кезiнде осы мүлiктi өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте – бірінші кезектегі қажетті заттар болып табылмайтын мүлік, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;
2) екінші кезекте – көлік құралдары, жылжымайтын мүлік (тұрғынжайдан басқа);
3) үшінші кезекте – тұрғынжай.
- Заңды тұлғаның мүлкіне өндіріп алуды қолданған кезде осы мүлікті өткізу мынадай кезектілікпен жүзеге асырылады:
1) бірінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымалы мүлік, оның ішінде дайын өнім (тауарлар), бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар, бағалы металдар мен асыл тастар, зергерлік бұйымдар, декор және жайластыру заттары;
2) екінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей қатысы жоқ жылжымайтын мүлік;
3) үшінші кезекте – тауарларды өндіруге, жұмыстарды орындауға немесе қызметтерді көрсетуге тікелей пайдаланылатын мүлік: өндірістік мақсаттағы жылжымайтын мүлік объектілері, шикізат, материалдар, станоктар, жабдықтар және басқа да негізгі құралдар.
- Осы баптың ережелері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаның мүлкін өткізу кезінде оның жеке мүлкі мен кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын мүлкі бойынша да қолданылады.
- Өндіріп алуды қолданудың нысанасы – борышкер кепіл немесе міндеттемені қамтамасыз ету ретінде берген мүлік болған, не тыйым салынған мүлікті кезектілік тәртібімен өткізу атқарушылық құжат талаптарының толық орындалуына әкелмейтін немесе осы Заңда белгіленген орындау мерзімдерін ұлғайтатын жағдайда, мүлікті өткізу кезектілігі өзгертілуі мүмкін. Сот орындаушысы аталған мән-жайды борышкердің мүлкін өткізуге беру туралы қаулыда көрсетеді, оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.
1) осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылған;
2) мерзімдік өндіріп алулар туралы атқарушылық іс жүргізулер бойынша берешек болмаған;
3) атқарушылық құжат соттың немесе құжатты берген басқа органның талап етуі бойынша орындалмай қайтарылған;
4) мемлекет пайдасына өндіріп алуларды қоспағанда, өндіріп алушы өтініш берген;
5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан;
6) сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулысының күші жойылған жағдайларда бір жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
зможно.