Жиі қойылатын сұрақтар
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі азаматтардың ыңғайлылығы үшін «Тараптар кабинеті» онлайн-сервисін енгізді.
«Тараптар кабинеті» сервисіне қол жеткізу үшін атқарушылық іс жүргізу тараптары, яғни өндіріп алушы немесе борышкер, aisoip.adilet.gov.kz сайтында тіркеліп, AdiletGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, авторизациядан өтуі қажет.
«Тараптар кабинеті» арқылы атқарушылық іс жүргізу тараптары:
- атқарушылық іс жүргізу материалдарымен таныса алады;
- орындалу кезеңдерін қадағалай алады;
- өтініштер мен арыздарды онлайн форматта жібере алады;
- хабарламалар мен құжаттарды қашықтан, оның ішінде PDF форматында ала алады;
- сот орындаушысы туралы мәліметтерді және оның рейтингін көре алады;
- атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өзіне ыңғайлы тәсілмен онлайн төлей алады.
Kaspi қосымшасында:
«Төлемдер» → «Айыппұлдар мен салықтар» → «Сот берешегін төлеу» бөліміне өтіп, ЖСН-іңізді енгізіп, айыппұлды төлей аласыз.
Егер борышкер ресми түрде жұмыс істесе, берешек оның жалақысы негізінде есептеледі.
Егер борышкер жұмыс істемесе, алимент бойынша берешек орташа айлық жалақы мөлшеріне қарай есептеледі.
Интернет желісі арқылы aisoip.adilet.gov.kz сайтына кіріп, қажетті ақпаратты тексеруге болады.
Иә. Борышкер сот актісін немесе атқарушылық құжатты орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігіне сәйкес жауаптылық көзделген.
Осы бапқа сәйкес:
- жеке тұлғаларға 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады;
- лауазымды адамдарға, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады;
- шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
- орта кәсіпкерлік субъектілеріне 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;
- ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Жоқ. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 12-бабына сәйкес, бір құқық бұзушылық үшін қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмейді.
Иә. Егер жеке немесе заңды тұлғалар сот орындаушысының немесе сот приставының атқарушылық әрекеттерді (түгендеу, бағалау, тыйым салу, сауда-саттық өткізу) жүзеге асыруына кедергі келтірсе немесе оның заңды талаптарын орындаудан бас тартса:
- жеке тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға;
- лауазымды адамдарға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шотқа тыйым салу екінші деңгейдегі банктер мен ақпараттық жүйелер арқылы электрондық форматта жедел түрде қолданылуы мүмкін. Бұл қолданыстағы заңнаманы бұзу болып табылмайды.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен (ББТ) шығарылу үшін атқарушылық іс жүргізу бойынша міндеттемелер толық орындалуы тиіс.
Сондай-ақ, атқарушылық құжаттың күші жойылғанда немесе оны мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі өткен жағдайда заңнамада көзделген негіздер бойынша ББТ-дан шығару жүзеге асырылады.
Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді алып тастауды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері – Әділет департаменттері үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады