Жылжымайтын мүлікті тіркеу

Жылжымайтын мүлік құқықтарды мемлекеттік тіркеу -  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР Заңымен мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;

Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, меншік құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі негізінде, сондай-ақ Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік  тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады.

Жаңалықтар

Барлық жаңалық

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.

Электрондық тіркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

Электрондық тіркеу жеделдетілген тәртіппен құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен кезден бастап екі сағат ішінде жүргізіледі.