ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Ұлттық музейінің суретші-экспозиционер маманы Азамат Нұрмағамбетов «Музейдегі экспозицияны құрудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық және аудандық музейлердің қызметкерлеріне арнап тренинг өткізді.

‍Алдымен музей залдарымен танысып шыққан маман экспозицияларды безендіру бойынша бірқатар ұсыныстарын айтты.

Тренинг барысында суретші-экспозиционер қатысушыларға жәдігерлерді сақтау ережелерін, экспозицияларды құру және безендіру талаптары жайында толық мағлұмат берді. Содан кейін Азамат Советұлы жиналған музей мамандарының сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, қатысушылар жәндіктер коллекциясы, көне хаттар, фотосуреттерді сақтау мен экспозицияға қоюдың және ескі кітаптарды қалпына келтірудің тәртібі туралы және тағы басқа мәселелер бойынша сауалдарын қойды.

Қызмет бағыты