Меню

Страницы

Статья

2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Абай облысындағы денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіштері

2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Абай облысында:

  • 34 аурухана;
  • 21 емхана;
  • 1 мемлекеттік медициналық колледж;
  • 91 дәрігерлік амбулатория;
  • 30 фельдшерлік-акушерлік пункт;
  • 111 медициналық пункт;
  • 16 өзге де медициналық ұйым жұмыс істейді.

«Тіркелген халықтың тіркелімі» ақпараттық жүйесінің (АЖ ТХТ) 2025 жылғы деректеріне сәйкес, Абай облысы бойынша тіркелген халық саны 615 361 адамды құрады, бұл соңғы үш жылмен салыстырғанда 2,05%-ға төмендегенін көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылдың соңындағы облыс халқының саны 595 676 адамды құрады.

Жүргізіліп жатқан кешенді іс-шаралардың нәтижесінде халықтың 100 мың тұрғынға шаққандағы денсаулық көрсеткіштері жақсарды.

Халықтың алғашқы сырқаттанушылық көрсеткіші 16%-ға төмендеп, республикалық орташа деңгейден төмен қалыптасты.

Соңғы үш жылдың 12 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанушылық көрсеткіштері:

  • қан айналымы жүйесі аурулары – 2023 жылмен салыстырғанда 8,2%-ға төмендеді;
  • қатерлі ісіктер – 7,1%-ға төмендеді;
  • психикалық және мінез-құлық бұзылыстары – соңғы үш жылда 8%-ға төмендеді;
  • қант диабеті бойынша 2025 жылы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмендеу байқалады, ал соңғы үш жылмен салыстырғанда көрсеткіш 17%-ға азайды;
  • туберкулезбен сырқаттанушылық профилактикалық іс-шаралардың тиімді кешенінің нәтижесінде 13,5%-ға төмендеді.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 3,3%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,3%-ға азайды.

Кадр саясаты

Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында барлығы 11 275 медицина қызметкері еңбек етеді, оның ішінде:

  • 1 758 дәрігер;
  • 5 255 орта буын медицина қызметкері.

2025 жылы 99 түлек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 76-сы – 2025 жылғы түлектер.

Дәрігерлермен қамтамасыз етілу деңгейі – 85%, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу деңгейі – 90%.

Дәрігер мамандықтарына қажеттілік – 51,25 штаттық бірлік (2024 жылы – 59,50), орта буын медицина қызметкерлеріне – 31,25 штаттық бірлік (2024 жылы – 22,50), кіші медицина қызметкерлеріне – 10,25 штаттық бірлік (2024 жылы – 21,25).

Дәрілік қамтамасыз ету

Барлық медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – МАЖ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) жұмыс жүргізуде.

2025 жылдың басынан бастап консультациялық-диагностикалық қызмет көрсететін барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді сәйкестендіруге арналған Face ID жүйесі енгізілді. Бұл жүйе медициналық қызметтерді алу кезінде қауіпсіздік пен қолайлылықты арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда Face ID технологиясын пайдалану арқылы пациенттерді сәйкестендірумен медициналық ұйымдардың 100%-ы қамтылған.

Бірқатар медициналық анықтамалар толықтай электрондық форматқа көшірілді, бұл пациенттер мен медициналық ұйымдар үшін анықтамаларды алу және сақтау үдерісін едәуір жеңілдетті. Атап айтқанда:

  • медициналық анықтама;
  • еңбекке уақытша жарамсыздық парағы;
  • дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
  • санаторий-курорттық карта;
  • баланың денсаулық паспорты;
  • жеке медициналық кітапша;
  • уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама;
  • көлік құралдарын басқаруға рұқсат алу туралы анықтама;
  • қару алуға рұқсат алу үшін медициналық анықтама.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Үкімет қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағында өндірілген және елге әкелінген, бөлшек саудаға арналған дозаланған дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі толық енгізіліп, жұмыс істеуде. Ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналар бұл талапқа кірмейді.

Қазіргі уақытта таңбаланған дәрілік препараттармен жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың 100%-ы E-Health ақпараттық жүйесінде тіркелген. Медициналық ақпараттық жүйелер мен ҚР ДСМ ақпараттық жүйелері арасында толыққанды ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында толық интеграция жүргізілді.

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру

Денсаулық сақтау ұйымдарында 8 медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді:

  • КМИС «Damumed»;
  • InfoDonor;
  • «Smart 103» МАЖ;
  • «Авиценна»;
  • КМИС «Жетісу»;
  • «Надежда» МАЖ;
  • «Медэлемент» МАЖ;
  • InfoLab.

Оның ішінде:

  • алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында – КМИС «Damumed»;
  • стационарларда – КМИС «Damumed» және «Надежда» МАЖ қолданылады.

Барлық медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйелерде (МАЖ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде (ҚР ДСМ АЖ) жұмыс жүргізеді.

 

 

Дата публикации
14 июля 2026
Дата обновления
14 июля 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы