2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Абай облысында:
«Тіркелген халықтың тіркелімі» ақпараттық жүйесінің (АЖ ТХТ) 2025 жылғы деректеріне сәйкес, Абай облысы бойынша тіркелген халық саны 615 361 адамды құрады, бұл соңғы үш жылмен салыстырғанда 2,05%-ға төмендегенін көрсетеді. Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2025 жылдың соңындағы облыс халқының саны 595 676 адамды құрады.
Жүргізіліп жатқан кешенді іс-шаралардың нәтижесінде халықтың 100 мың тұрғынға шаққандағы денсаулық көрсеткіштері жақсарды.
Халықтың алғашқы сырқаттанушылық көрсеткіші 16%-ға төмендеп, республикалық орташа деңгейден төмен қалыптасты.
Соңғы үш жылдың 12 айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулармен сырқаттанушылық көрсеткіштері:
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 3,3%-ға, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,3%-ға азайды.
Кадр саясаты
Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында барлығы 11 275 медицина қызметкері еңбек етеді, оның ішінде:
2025 жылы 99 түлек жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 76-сы – 2025 жылғы түлектер.
Дәрігерлермен қамтамасыз етілу деңгейі – 85%, орта буын медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу деңгейі – 90%.
Дәрігер мамандықтарына қажеттілік – 51,25 штаттық бірлік (2024 жылы – 59,50), орта буын медицина қызметкерлеріне – 31,25 штаттық бірлік (2024 жылы – 22,50), кіші медицина қызметкерлеріне – 10,25 штаттық бірлік (2024 жылы – 21,25).
Дәрілік қамтамасыз ету
Барлық медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – МАЖ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) жұмыс жүргізуде.
2025 жылдың басынан бастап консультациялық-диагностикалық қызмет көрсететін барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді сәйкестендіруге арналған Face ID жүйесі енгізілді. Бұл жүйе медициналық қызметтерді алу кезінде қауіпсіздік пен қолайлылықты арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда Face ID технологиясын пайдалану арқылы пациенттерді сәйкестендірумен медициналық ұйымдардың 100%-ы қамтылған.
Бірқатар медициналық анықтамалар толықтай электрондық форматқа көшірілді, бұл пациенттер мен медициналық ұйымдар үшін анықтамаларды алу және сақтау үдерісін едәуір жеңілдетті. Атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 қыркүйектегі №568 Үкімет қаулысына сәйкес, Қазақстан аумағында өндірілген және елге әкелінген, бөлшек саудаға арналған дозаланған дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесі толық енгізіліп, жұмыс істеуде. Ветеринарияда қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналар бұл талапқа кірмейді.
Қазіргі уақытта таңбаланған дәрілік препараттармен жұмыс істейтін медициналық ұйымдардың 100%-ы E-Health ақпараттық жүйесінде тіркелген. Медициналық ақпараттық жүйелер мен ҚР ДСМ ақпараттық жүйелері арасында толыққанды ақпарат алмасуды қамтамасыз ету мақсатында толық интеграция жүргізілді.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру
Денсаулық сақтау ұйымдарында 8 медициналық ақпараттық жүйе жұмыс істейді:
Оның ішінде:
Барлық медициналық ұйымдар медициналық ақпараттық жүйелерде (МАЖ) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде (ҚР ДСМ АЖ) жұмыс жүргізеді.
электрондық жүйе арқылы дәрігерге жазылу үшін сізге:
Жазбаны растаңыз және электрондық қабылдау талонын алыңыз.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ММС) бойынша медициналық көмек алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
медициналық көмектің сапасына шағым беру үшін сізге:
Шағым беру үшін байланыс деректері: