Меню

Страницы

Статья

2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы

2025 жылдың 11 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 515,1 млрд.теңгені (өсу қарқыны 124,0%) құрады, ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі 100,9% мөлшерінде қалыптасты.

Осы кезеңде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 48,3 млрд.теңге инвестиция салынды.

2025 жылдың 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны: ірі қара малы – 772,0 мың бас, оның ішінде аналық мал (сиыр) – 408,8 мың бас, жылқы – 378,6 мың бас, қой мен ешкі - 1 235,0 мың басты, құс – 1 587,8 мың басты құрады.

Осы кезеңде ет өндірісі (тірідей салмақта) облыс бойынша 5,1% артып 126,0 мың тоннаға (оның ішінде сиыр еті 41,9 мың тонна, қой еті 17,4 мың тонна, жылқы еті 42,3 мың тонна, құс еті 21,9 мың тонна), сиыр сүті 6,6% артып 297,5 мың тоннаға жетті. Тауық жұмыртқасының өндірісі 54,5 млн. дананы құрады.

2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егін жинау алаңы 782,1 мың гектарды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 21,9 мың гектарға артық. Оның ішінде дәнді дақылдар 296,5 мың га, майлы дақылдар 339,4 мың га, картоп 5,9 мың га, көкөніс-бақша дақылдары 5,2 мың га, жемшөп дақылдары 135,1 мың гектар алқапқа егілді.

Бүгінгі таңда өңірде күзгі жиын-терім науқаны толық аяқталды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңынан 348,9 мың тонна астық бастырылды. Майлы дақылдардың жинау алыңы өткен жылмен салыстырғанда 42,5 мың гектарға ұлғайды. Нәтижесінде 509,2 мың тоннадан астам астық бастырылды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 64,4 мың тоннаға артық. 132,9 мың тонна картоп, 125,0 мың тонна көкөніс өнімдері алынды.

Жыл басынан 592 бірлік жаңадан ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынып, техника паркін жаңарту 6,7% құрады (жоспар – 6,5%).

Су үнемдейтін технологиялармен қамтылған алаң 23,5 мың га жеткізіліп, өткен жылмен салыстырғанда 9,6 мың га ұлғайды.

2025 жылы «Кең дала» бағдарламасы аясында облыстың 202 диқаншыларына 9,5 млрд теңге несие беріліп, бұл өткен жылдың несиелендіру көрсеткішінен 4,6 млрд теңгеге артық.

2024 жылы АӨК ірі инвестициялық жобаларын қаржыландыру бағдарламасы (СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы арқылы макрокредиттеу) шеңберінде жеткізілген 11,0 млрд теңге 2025 жылы 11 жобаға бағытталды. Қаржы ет комбинатын салу, су үнемдеу технологияларын енгізу, қой шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ бордақылау алаңдарын кеңейту бойынша жобаларға бөлінді.

2025 жылға жоспарланған 8,0 млрд теңгеге жобалар бойынша құжаттар өткізуде.

2025 жылға «Ауыл аманаты» бағдарламасына 1,0 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, 10 аудан бойынша 2,8 млрд. теңге сомасына барлығы 326 жобалар тізбесі қалыптасып, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жобалар қорғалды.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында облыс әкімі бекіткен және АШМ келісілген 2025-2027 жылдарға арналған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша өзектендірілген Жол картасына сәйкес 45,6 млрд. теңге сомасына 24 жоба көзделген.

2025 жылы 16,3 млрд.теңгеге 11 жоба іске асырылды (қой шаруашылығын дамыту бойынша – 1 жоба, суды үнемдеу технологияларын қолдану - 7 жоба, майлы дақылдарды қайта өңдеу – 2 жоба, бордақылау алаңын кеңейту – 1 жоба).

Дата публикации
09 января 2026
Дата обновления
09 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы