Бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 176 діни бірлестік бар (Анықтама: 142 – исламдық, 12 - православиелік, 5 - католиктік, 17 - протестанттық).
Өңірде 176 діни ғимарат бар (Анықтама: 142 - мешіт, 12 - православие шіркеуі, 5 - католик шіркеуі, 15 - протестанттық ғибадат үйі, 2 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі).
Басқарманың қарамағында «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бар. Онда теологтар, дінтанушылар, писхологтар және заңгерлер жұмыс істейді. Орталық қызметінің негізгі мақсаты облыстағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, интернет-кеңістікті мониторингілеу, деструктивті контентті бұғаттау, радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу, діни бірлестіктермен жұмыс істеу.
ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Басқарма деструктивті діни ағым жақтастарын радикалсыздандыру және оңалту бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
ҚАРСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ
2024 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 3468 басылым жарияланды. Интернет кеңістігін мониторингілеу барысында деструктивті сипаттағы 11368 материал (сілтеме) анықталып, олар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізілген. «Контр» ақпараттық жүйесіне 425 түрлі форматтағы материалдар енгізіліп, оның ішінде 352 мақұлданды. «Аналитикалық интернет картасы» ақпараттық жүйесі арқылы Абай облысынан 50 438 жазылушы радикалды діни топтардың тұтынушылары екені анықталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 218 адам радикалды ақпараты бар топтардан шығып өнделді, 345 жазушы өңделуде.
Үлестірме материалдар 7620 дана, тақырыптық мәтіні бар коммуналдық қызмет көрсету түбіртектерінің артқы жағынан – 9000 дана шығарылып таратылды. Басқарма тапсырысымен 6 бейнеролик шығарылды және 1 қысқаметражды фильм «Адасқан бала», 2 аудиожазба адам көп шоғырланатын орындарға қойылды.
2024 жылдың IV тоқсанында барлығы 612 материал жарияланды, оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдарында – 13, интернет-порталдарда – 599 (жергілікті пабликтерде – 190). Интернет кеңістігі бойынша жалпы жарияланған материалдар саны: Instagram – 329, Facebook – 92, ВКонтакте – 53, Youtube – 20, TikTok – 65, басқалар – 41. Интернет кеңістігін мониторингтеу барысында 1789 деструктивті сипаттағы материал (сілтеме) анықталып, республикалық «КиберНадзор» жүйесіне енгізілді. Есепті кезеңде «Контр» жүйесіне 79 түрлі форматтағы материал енгізілді.
2025 жылдың І тоқсанында жалпы 2 517 материал жарияланды, оның ішінде: бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-порталдарда орналастырылған материалдар саны – 79 (жергілікті пабликтерде – 77, республикалықтарда – 2), интернет кеңістікте (Instagram – 1 566, Facebook – 316, ВКонтакте – 160, YouTube – 56, TikTok – 72, басқа платформаларда – 426). Интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 2 223 деструктивті сипаттағы материалдар (сілтемелер) анықталып, республикалық «КиберНадзор» жүйесіне енгізілді. «Контр» жүйесіне 55 түрлі форматтағы материал енгізілді.
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Абай облысында қазіргі уақытта дін мәселелері бойынша 13 ақпараттық-түсіндіру тобы (1 облыстық, 2 қалалық, 10 аудандық) жұмыс істейді, олардың құрамында 206 адам бар.
2024 жылы Абай облысы бойынша барлығы 93642 адамды қамти отырып, ақпараттық-түсіндіру сипатында 4302 іс-шара өткізілді.
«Тәуекел топтарындағы» ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының саны-1495, Қамтылғандар саны - 44417 адам.
2024 жылдың IV тоқсанында Абай облысы бойынша барлығы 1414 түрлі форматтағы іс-шара өткізілді, жалпы қамтылған адамдар саны – 36722 адам.
«Тәуекел топтарындағы» ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының саны-391, Қамтылғандар саны – 12333 адам.
2025 жылдың І-тоқсанында Абай облысы бойынша барлығы 1 061 түрлі форматтағы іс-шара өткізілді, жалпы қамтылған адамдар саны – 27 779 адам.
«Тәуекел топтарындағы» ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының саны-304, Қамтылғандар саны - 7119 адам.
ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
Конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу, діни экстермизмнің алдын алу және оған қарсы әлеуметтік психологиялық бейімдеу жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу басқармамен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылады.
Өңірімізде конфессияаралық диалогты нығайту мақсатында Абай облысының дін істері басқармасымен келесі іс-шаралар атқарылды:
2024 жылы Абай облысында діни бірлестіктер басшылары Клубының 3 кезекті отырысы өткізілді. Отырыста діни бірлестіктер арасында өзара қызметтестік туралы меморандумға қол қойылды.
Абай облысы дін істері басқармасымен діни бірлестіктер өкілдеріне өңіріміздің киелі орындарына ерекше экскурсия өткізілді. Бұл іс-шара ұлттық рухани мұраны дәріптеу мен конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында ұйымдастырылды.
Абай облысының дін істері басқармасы Рухани келісім күніне орай «Толеранттылық – бейбітшілік пен келісімнің іргетасы» тақырыбында облыстық форум ұйымдастырды. Форум аясында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне оқыту семинарлары, діни бірлестіктер басшылары арасында интеллектуалды ойындары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, діни бірлестіктер басшылары Шәкәрім университетінің ауласына 10 түп шырша көшетін отырғызды.
Республика күні және Тәуелсіздік күніне орай Абай облысының діни бірлестіктері арасында волейбол, теннис және шахматтық турнир түрінде спорттық іс-шаралар өткізілді.
Жастар және білім алушылар арасында дін экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Толеранттылық – бейбіт өмірдің негізі» тақырыбында суреттер және эссе конкурсы өткізілді. Конкурсқа 112 жұмыс ұсынылды. Техникалық және мазмұны жағынан сәйкес келетін 43 жұмыс пысықталды. Конкурс қортындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.
Басқармамен өңірдегі діни ахуалды талдау мақсатында google платформасы арқылы онлайн форматта әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Респонденттердің іріктемелі жиынтығы бойынша сауалнамада – 10 565 адам қамтылды. Нәтижесінде, Абай облысы тұрғындарының 43% «діндар» көрсеткішін көрсетіп облыс тұрғындарының басым бөлігі исламның сунниттік бағытын ұстанатыны анықталды (83%). Сондай-ақ, аймақта 9,1%православие христиандары, 0,4% католиктер және 0,2% протестанттар тұрады.
2025 жылдың І тоқсанында облыстық діни бірлестіктер басшылары клубының бірінші отырысы өткізілді. 2025 жылы 10-11 сәуір аралығында Абай облысының теолог мамандарына республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері болып табылатын Қызылорда облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының аға маманы, дінтанушы Оспанов Б.Е, ҚР ІМ Костанай академиясынын КАЖ мамандарын дайындау орталығының жетекшісі Туйганов М.Е. семинар өткізді. Семинар барысында дәріскерлер теолог мамандарға оңалту жұмыстарының тиімді әдістері мен жолдарын түсіндіріп, сотталушыларды радикалсыздандыру, олармен қалай психологиялық байланыс орнату қажеттігін, деструктивті діни ағымдарының ұстанушылардың психологиялық портреттерін жасау, олардың жасырын жүріс-тұрыс белгілерін анықтау тәжірибелерімен бөлісті. Жалпы, діни оңалту бағытында жұмыс жасайтын мамандардың біліктіліктерін арттыру қоғамдағы теріс діни идеология әсерін азайтуға ықпал етеді. Аталған бағыттағы оқыту семинарлары ағымдағы жылы тағы да өз жалғасын табады. 30 сәуірде Халықтар бірлігі күніне орай облыстық діни бірлестіктері өкілдері арасында волейбол бойынша спорттық жарыс өткізу жоспарланған.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу»;
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы шешім беру»;
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін
айқындау туралы шешім беру»;
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасуын келісу туралы шешім беру»;
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін
айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».
2024 жылы мемлекеттік қызметті алуға 6 өтініш түсті, оның ішінде Е-Лицензия порталы арқылы 5 мемлекеттік қызмет, қағаз нұсқадағы 1 қызмет.
«E-license» порталы бойынша:
- «Арнаулы орындардың орналасуын бекіту туралы шешім беру діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған стационарлық үй – жайлардан» - 2, оның ішінде 2-бас тартылды;
- «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін анықтау туралы шешім беру» -3, оның ішінде 2 - қайтарып алынды, 1-рұқсат берілді.
Қағаз тасығышта:
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы шешім беруден» - 1.
2025 жылы I тоқсанда «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасқан жерін бекіту туралы шешім беру» мемлекеттік қызметін алуға 1 өтініш келіп түсті, рұқсат берілді.