Бүгінгі таңда облыста 7 конфессияны білдіретін 180 діни бірлестік бар (Анықтама: 146 – исламдық, 12 - православиелік, 5 - католиктік, 17 - протестанттық).
Өңірде 180 діни ғимарат бар (Анықтама: 146 - мешіт, 12 - православие шіркеуі, 5 - католик шіркеуі, 15 - протестанттық ғибадат үйі, 2 - Ехоба куәгерлерінің ғибадат үйі).
Басқарманың қарамағында «Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ бар. Онда теологтар, дінтанушылар, писхологтар және заңгерлер жұмыс істейді. Орталық қызметінің негізгі мақсаты облыстағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, интернет-кеңістікті мониторингілеу, деструктивті контентті бұғаттау, радикалды діни идеологияға иммунитетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізу, діни бірлестіктермен жұмыс істеу.
ОҢАЛТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Басқарма деструктивті діни ағым жақтастарын радикалсыздандыру және оңалту бойынша жұмыстарды үйлестіреді.
ҚАРСЫ ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ
026 жылдың басынан бастап өңірде экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған кешенді ақпараттық-түсіндіру және қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 2954 материал жарияланды. Интернет кеңістігін тұрақты мониторингілеу барысында деструктивті сипаттағы 68 материал (сілтеме) анықталып, тиісті шаралар қабылдау үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізілді. «Контр» АЖ 41 түрлі форматтағы материал (24 бейнеролик, 9 инфографика, 8 мәтіндік мақала) жолданып, оның ішінде 20 материал мақұлданып. Мақалалар өңірлік жаңалықтар порталы мен баспасөз газеттерінде жарияланды (Abaidan.kz, Abaylife.kz, 018.kz, Cемей вести, Семей таңы газеттерінде). Ақпараттық-насихат бағытында жалпы саны 2000 дана үлестірме материалдар (жадынамалар, буклеттер, ақпараттық парақшалар) таратылды. Басқарма тарапынан діни әдебиеттерді рұқсатсыз таратудың заңсыз екендігін, қоғамдық орындарда бет-жүзді толық жабатын киімдерге тыйым салынғандығын түсіндіретін, сондай-ақ «Қазақ қызының ұлттық киімі» тақырыбындағы анимациялық бейнероликтер дайындалып, өңірлік әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды. Аталған бейнематериалдар ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және дәстүрлі мәдениетті насихаттауға бағытталды.
Мемлекеттiк конфессионалдық қатынастар негiздерiн түсiндiру, дiни экстремизмнiң алдын алу, облыста құқықтық және дiни сауаттылықты арттыру мақсатында, құрамында 197 адам бар 13 дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсiндiру топтары мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары кешендi жұмыстарды жүргізуде.
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы нәтижесінде 2026 жылдың І тоқсанында әр түрлі форматтағы 2408 іс-шара өткізіліп, оған 39749 адам қамтылды.
ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ
2026 жылғы 31 қаңтарда Семей қаласында «Спорт – терроризм мен экстремизмге қарсы» ұранымен шаңғы жарысынан облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Іс-шараға шамамен 200 спортшы қатысты. Жарысқа Курчатов қаласы мен Бородулиха ауданынан келген спортшылар қатысты. Сонымен қатар өңірдің діни бірлестіктері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенділік танытты. Аталған іс-шара әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланып, тұрғындар тарапынан оң пікірлерге ие болды. . Өңірдің белсенді жастарының қатысуымен «Жастар – экстремизмге қарсы» акциясы өткізілді. Акция барысында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар арасында зайырлы құндылықтарды насихаттау, радикалды идеологиялардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында үндеулер айтылды.
Семей қаласының Чернышевский ат. жалпы білім беретін орта мектебінде оқушылар арасында «Біз – терроризмге қарсымыз» атты суреттер конкурсы өткізіліп, бейнеролик әзірленіп, жарияланды. Байқау барысында оқушылар өз шығармашылық жұмыстарында бейбіт өмірдің маңыздылығын, достық пен келісім идеясын және зорлық-зомбылыққа қарсы көзқарастарын бейнеледі.
Басқармаға қарасты Дін мәселелерін зерттеу орталығында жаңадан ашылған подкаст студиясында Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімінің өкілі, «Психея» орталығының директоры, практик-психолог С. Новикова, тарих ғылымдарының кандидаты А. Рахметуллин сарапшылар ретінде, сондай-ақ Қазақстан барысы Мұхит Тұсынов, әлем чемпионы В. Чебордаковты, PowerSlap чемпионы З. Найманбаевты және Түркістан облысының теологы М. Медетті арнайы шақырылып, «Кибертерроризммен күрес», «Жастар арасында діни радикализмнің алдын алу шаралары» және «Спорт – қауіпті идеологияларға қарсы иммунитет» тақырыптарында сұхбат ұйымдастырылды. Сұхбат барысында интернет кеңістігіндегі экстремистік идеологиялардың таралу жолдары, киберқатерлердің алдын алу тетіктері, сондай-ақ жастардың радикалды ағымдардың ықпалына түсу себептері, дін мен дәстүрдің байланысы және жастарды спортқа баулу мәселелері жан-жақты талқыланды. Мамандар тарапынан профилактикалық жұмыстарды күшейту, ақпараттық-түсіндіру шараларын жүйелі түрде жүргізу, сондай-ақ ата-аналар мен білім беру ұйымдарының өзара іс-қимылын арттыру қажеттігі атап өтілді.Алдағы уақытта подкаст алаңында өңірдің танымал тұлғаларымен және түрлі сала сарапшыларымен мазмұнды сұхбаттар ұйымдастыру жалғасады. Бұл бастама қоғам арасында діни сауаттылықты арттыруға және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпалын тигізеді.
Абай облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Arnapress подкастына және жергілікті «Радио 7» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында деструктивті ұйымдар мен радикалды қозғалыстардың арбауына қалай түспеу керектігі, олардың қандай әдістерді қолданатыны, көбіне кімдер олардың құрбаны болатыны және қандай жағдайларда сақ болу қажеттігі талқыланды.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:
«Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және
қайта тіркеуді жүргізу»;
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық
материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы шешім беру»;
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін
айқындау туралы шешім беру»;
«Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың ғибадат
үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналасуын келісу туралы шешім беру»;
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін
айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».