Меню

Страницы

Статья

Абаттандыру

Сумен жабдықтау

Бүгінгі таңда Абай облысы бойынша ауызсумен қамтылу деңгейі 95,3 % (бұрын – 92,8 %, өсім – 2,5 %), соның ішінде қалалар – 95,4 % (Семей қаласы – 94,6 %), ауылдық елді мекендер – 94,9 %.

Облыстың 602 882 тұрғынының ішінен шамамен 28 603 адам ауызсумен қамтамасыз етілмеген (соның ішінде 17 ауылдық елді мекенде – 11 683 адам және Семей қаласында – 16 920 адам).

2024 жылы жаңа құрылыстың 33 жобасы іске асырылып, оның ішінде 18 нысан пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 467 км болатын су желілері жүргізіліп, 14 691 адам ауызсумен қамтылды.

2025 жылы халықты 100% орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету үшін 26 жобаны іске асыру қажет.

2024 жылдан өтпелі 15 жоба

11 жаңа жоба

Аталған 26 жобаны іске асыру 28 603 адамды қамтиды, нәтижесінде Абай облысында ауызсумен қамтылу деңгейі 100 % болады (оның ішінде Семей қаласында – 16 920 адам, 17 ауылдық елді мекенде – 11 683 адам).

Энергетика 

Семей қаласын жылумен жабдықтауды құрамында ЖЭО-1 және 19 қазандығы бар «Теплокоммунэнерго» МКК қамтамасыз етеді, оларда 89 қазандық орнатылған.Сонымен қатар, 72 ОЖП жұмыс істейді.

Жылу желілерінің ұзындығы 325,5 км, тозуы 61,5 % немесе 200,1 км.

Ағымдағы жылы Семей қаласында 0,8 км жылу желілерін салу және 10,4 км қайта жаңарту бойынша 6 жобаны іске асыру жоспарлануда.

2025 жылы 4 жобаны толық аяқтау, сондай-ақ екі жаңа жобаны іске асыру қорытындысы бойынша Семей қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы 61,5% - дан 58,1% - ға дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ, 2025 жылы 12 жылу көзіне ағымдағы жөндеу жүргізу және  2,9 км ауа жылу желілерінің оқшаулауын қалпына келтіру жоспарлануда.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі

Ағымдағы жылы Абай облысы қалалары мен аудандарының аумағындағы елді мекендерді абаттандыру шеңберінде мынадай жобалар бойынша абаттандыруды жүргізу жоспарлануда:

Семей қаласының аумағында 22 аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда халықтың қатысуы бюджеті бағдарламасы бойынша 13 жобасын (9 абаттандыру жобасы, 4 жарықтандыру жобасы) іске асыру жоспарлануда.

Курчатов қаласында демеушілік қаражат есебінен 3 балалар алаңын салу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Ақсуат ауданында 15 абаттандыру жобасын іске асыру көзделген (Ақусат ауылы-5 жоба, Қарғыба ауылы - 1 жоба, Сәтбаев ауылы-1 жоба, Сұлтал ауылы-1 жоба, Екпін ауылы-2 жоба, Кіндекті ауылы-1 жоба, Ойшілік ауылы-1 жоба., Есім ауылы –  1 жоба, Көкжыр ауылы-1 жоба, Серіктес ауылы-1 жоба).

Жарма ауданында абаттандырудың 3 жобасын іске асыру жоспарлануда

Көкпекті ауданының аумағында абаттандырудың 3 жобасын іске асыру жоспарлануда

 

Дата публикации
05 мая 2025
Дата обновления
23 мая 2025
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Кандидаттар ұсынатын құжаттар тізбесі
19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы