Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Абаттандыру

2026 жылы Абай облысында елді мекендерді абаттандыру бойынша кешенді іс-шаралар жалғасуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындар үшін жайлы, заманауи әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, қоғамдық кеңістіктерді, демалыс, спортпен шұғылдану және бос уақытты тиімді өткізу орындарын дамыту.

            Семей қаласында биыл 26 аула аумағын абаттандыру жоспарланған. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қала тұрғындарының бастамасымен ұсынылған 9 жоба іске асырылады. Сонымен қатар, Орталық алаң мен Мемлекеттік рәміздер алаңын реконструкциялау жұмыстары жалғасуда.

            Аягөз қаласында Орталық алаң мен Қабанбай батыр көшесін реконструкциялау жұмыстары жоспарланған. Аталған жобаларды іске асыру қаланың сәулеттік келбетін жаңартып, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

            Туристік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мақаншы ауданындағы Алакөл көлінің жағалау аймағында ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында саябақ аумағында балалар және спорт алаңдары салынып, Арбатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, сыртқы жарықтандыру жүйесі жөнделіп, қоршаулар мен санитарлық тораптар орнатылуда.

            Жарма ауданында Шар қаласындағы Тәуелсіздік көшесінің бойындағы Арбатты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Бірлік, Сарыарқа және Ұзынжал ауылдарында үш балалар ойын алаңын орнату, сондай-ақ Қаражал, Сарыарқа және Қаратөбе ауылдарында үш шағын футбол алаңын салу жоспарланған.

            Үржар ауданында үш абаттандыру жобасы іске асырылуда. Олар Үржар ауылындағы Арбатқа жөндеу жұмыстарын жүргізуді, Семушкин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің ауласын абаттандыруды, сондай-ақ Таскескен ауылында шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңын орнатуды қамтиды.

            Бородулиха ауданында бірнеше елді мекенде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Песчанка ауылында заманауи воркаут алаңы салынады. Красный Яр ауылында шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы және воркаут алаңы орнатылады. Ал Пол-Лог ауылында жаңа балалар ойын алаңы салу жоспарланған.

            Ақсуат ауданында қоғамдық кеңістіктерді дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылады. Сәтбаев және Ойшілік ауылдарындағы саябақтарды абаттандыру жоспарланған. Сонымен қатар, Ақсуат ауылындағы Қабанбай көшесінің бойында ұзындығы 1,2 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолы абаттандырылып, көше жарықтандыру жүйесі орнатылады.

            Аталған жобаларды іске асыру облыстың елді мекендеріндегі инфрақұрылымды жақсартуға, тұрғындардың демалысы мен спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасауға, отбасылық бос уақытты тиімді ұйымдастыруға, сондай-ақ өңірдің абаттандыру деңгейі мен тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Документы
Новости
Полезные материалы
Абаттандыру
Абаттандыру
Абаттандыру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы