Меню

Страницы

Статья

Ішкі саясат

2024 жылы облыста 607,589 мың адам тұрады, олардың этникалық құрамы келесідей: қазақтар – 79% (480,107 мың адам), орыстар – 15,8% (96,093 мың адам), татарлар – 1,8% (11,099 мың адам), немістер – 1,4% (8,425 мың адам), украиндар – 0,5% (3,166 мың адам), басқалары – 1,4% (8,699 мың адам).

 

Қазақстан халқының мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт – дәстүрін дәріптеу мақсатында 49 этномәдени бірлестік пен 1 этнобағдарлы жастар клубын біріктіретін 5 Достық үйі (Семей, Курчатов, Бородулиха, Бесқарғай, Жарма) жұмыс істейді.



Барлық этномәдени бірлестіктермен тығыз байланыс орнатылған. Этномәдени бірлестік басшылары мен мүшелері консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіреді, өңірдегі этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылар ретінде әрекет етеді.

Абай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан ҚХА қоғамдық институттары жұмыс істейді: Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, журналистер клубы, «Жомарт жан» орталығы, ғылыми-сараптамалық топ, этномедиация орталығы.

 

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заң және 2021-2025 жылдарға арналған жастарды қолдау жөніндегі кешенді жоспардың басымдықтары негізінде жүзеге асырылады.

Абай облысындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес 2024 жылы, 14-35 жас аралығында 152 мың адам тіркелген, оның 84,5 мыңы облыс орталығында тұрады (жастардың жалпы санының 55,6%). Жастардың жалпы санынан: 23,1% (35 174) студенттер құрайды.

Облыста 15074 студент контингенті бар 3 ЖОО (мемлекеттік – 2, жеке – 1) және 19299 студент оқитын 33 колледж (мемлекеттік – 20, жеке – 15) жұмыс істейді. Білім беру мекемелерінің балансында 4634 студент тұратын 31 жатақхана (ЖОО – 11, колледж – 20) бар.

NEET көрсеткішін төмендету мақсатында жастарды мемлекеттік бағдарламаларға тарту бойынша жұмыс жүргізілді. Республикада жүзеге асырылып жатқан Zhas project жобасы аясында 8 жас 1 млн.теңге көлемінде грант жеңіп алды. «Жасыл ел» жобасы бойынша жазда 1000-нан астам жас жұмысқа орналастырылды.

       

 

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС СЕКТОР

Абай облысында 2024 жылы 665 қоғамдық бірлестік тіркелген, оның ішінде: 7 саяси партияның 16 филиалы, 49 кәсіподақ ұйымы, 182 діни бірлестік, 51 этномәдени бірлестік, 225 қоғамдық бірлестік (оның ішінде 21 жастар), сондай-ақ 142 қоғамдық қор.

 

        ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

Облыста 607,5 мың адам тұрады, оның ішінде 309,6 мың адам әйелдер немесе жалпы халықтың 51%. Облыс әкімі жанындағы 21 адамнан тұратын әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

 

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ

Облыстың ақпараттық алаңын 41 БАҚ құрайды, оның ішінде: 19 газет (4 өңірлік және 15 аудандық), 5 журнал, 2 телеарна, 14 ақпараттық сайт және «Радио-7».

Дата публикации
11 января 2024
Дата обновления
11 января 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
Инфографики
15 октября 2026
АБАЙ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
15 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының құрамы және орналасқан жері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы