Бұқаралық ақпарат құралдары
2026 жылғы шілде айының басындағы жағдай бойынша облыстың ақпараттық кеңістігінде 44 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді, оның ішінде 20 газет (4 облыстық және 16 аудандық), 5 журнал, 2 телеарна, 16 ақпараттық сайт және «Радио-7» бар. Өңірде 19 меншікті тілші қызмет атқарады, оның ішінде 7-еуі телеарналарда, 4-еуі газет басылымдарында және 8-еуі интернет-ресурстарда жұмыс істейді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мемлекеттік органдардың 148 өкілі мен бұқаралық ақпарат құралдарының 811 өкілінің қатысуымен 102 баспасөз іс-шарасы өткізілді. Баспасөз конференциялары барысында өңірлік журналистер тарапынан 1 160-тан астам сұрақ қойылды. Жалпы медиада 12 780 материал жарық көрді, оның ішінде 338 материал республикалық БАҚ-та, 1 394 материал облыстық БАҚ-та және 11 048 материал әлеуметтік желілерде жарияланды.
Үкіметтік емес сектор
2026 жылы Абай облысында 632 қоғамдық бірлестік тіркелген, оның ішінде 7 саяси партияның 16 филиалы, 49 кәсіподақ ұйымы, 178 діни бірлестік, 46 этномәдени бірлестік, сондай-ақ 391 қор мен қоғамдық бірлестік бар. Тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың ішінде 17 ұйым өз қызметін тоқтатқан, 28 ұйым іс жүзінде қызмет атқармайды, 3 ұйым банкроттық рәсімінде.
Қоғамдық-саяси ахуал
2026 жылғы шілдедегі жағдай бойынша облыста 13 қоғамдық кеңес жұмыс істейді, оның ішінде 1 облыстық, 2 қалалық және 10 аудандық қоғамдық кеңес бар. Облыстық Қоғамдық кеңестің құрамында 4 сараптамалық комиссия жұмыс істейді. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 62 отырыс өткізіліп, 72 мәселе қаралды және 112 нормативтік құқықтық акт келісілді.
Облыстың саяси алаңында жалпы мүшелерінің саны 25 мыңнан асатын 7 саяси партияның 16 филиалы қызмет атқарады. Олардың қатарында «ӘДІЛЕТ» партиясы, Қазақстанның Халық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ОСДП), «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «Respublica» партиясы және «Байтақ» жасылдар партиясы бар.