Шульбинск кенті аудандық маңызы бар «Семей – Өскемен» тас жолында, Семей қаласынан 56 шақырым жерде орналасқан.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Электр энергиясы: Шульбинск кентінің электр энергия тұтынушыларын Семей қаласының қала маңындағы тарату аймағы қамтамасыз етеді (басшысы Қонысбаев Жарас Серікұлы)
Сумен жабдықтау: «Семей-Водоканал» МКК орталықтандырылған сумен жабдықтау және ағынды суларды бұру үшін жауапты.
Байланыс: Телефон байланысын қамтамасыз ету қызметтерін «Қазақтелеком» АҚ көрсетеді.
Теледидар: Елді мекен аумағында «Қазақтелеком» АҚ ID-TV телевидение қызметін көрсетеді, «Қазтелерадио» АҚ цифрлық эфирлік теледидарды, 12 Республикалық арнаны және OTAUTB спутниктік теледидарын көрсетеді.
Жылумен қамту: Ауылды орталықтандырылған жылумен қамтуды «Теплокоммунэнерго» МКК жүзеге асырады.