GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Онлайн-приемная
Контакты
Документы
Деятельность
Пресс-центр
Об отделе
Все материалы
12 октября 2026
8-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Махамбет оқулары" байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

2026 жылдың 09 қазан күні Семей қаласы білім бөлімінің "Ахмет Байтұрсынов атындағы N 47 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында 
республикалық "Махамбет оқулары" байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқауға аудан мектептерінен 4 оқушы қатысып 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

"Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер" бағыты бойынша:

I орын - Тоқанова Даяна "Мамай атындағы негізгі орта мектебі" КММ 9 сынып оқушысы, жетекшісі Елубаева Айман;

"Ел құтқарар ер едім...." бағыты бойынша:

II орын- Тілеухан Ақерке Алмасқызы "Ж.Молдағалиев атындағы орта мектебі" КММ 9   сынып оқушысы; жетекшісі Мейрамғалиева Мөлдір;

"Тартынбай сөйлер асылмын...." бағыты бойынша:

II орын- Тәртіпқали Еркебұлан "ЖББ Қарауыл гимназиясы" КММ 9 сынып оқушысы, жетекшісі Ерболатова Гүлім

Облыстық кезеңнен I орын алған оқушымыз Тоқанова Даянаға республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!

попечительский совет
12 октября 2026
Қамқоршылық кеңестердің құрамына кандидаттар қаралды

2026 жылғы 9 қазанда Абай ауданының білім бөлімі жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестердің құрамына кандидаттарды іріктеу жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс барысында комиссия төрағасы сайланып, ауданның білім беру ұйымдарынан ұсынылған Қамқоршылық кеңес мүшелігіне кандидаттардың құжаттары қаралды. Кандидаттардың ұсынылған құжаттарының талаптарға сәйкестігі тексеріліп, әр кандидатура бойынша талқылау және дауыс беру жүргізілді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, Қамқоршылық кеңестердің құрамын қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.

12 октября 2026
«Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті

«Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өтті

2026 жылғы 7 қазан күні жалпы орта білім беретін мектептердің 5–11 сынып оқушылары арасында облыстық «Әлем таныған Әуезов. Әуезов әлемі» шығармашылық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты – ұлы жазушы, ғалым, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің шығармашылығын кеңінен насихаттау, қаламгердің қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан мол мұрасын дәріптеу, оқушылардың әдеби-шығармашылық қабілеттерін дамыту және жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Шығармашылық байқау 4 бағыт бойынша ұйымдастырылып, оқушылар өздерінің білімін, ізденісін және шығармашылық әлеуетін танытты.

Байқау қорытындысы бойынша әр бағыттан І орын иеленген оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.

Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік, шығармашылық шабыт және жоғары жетістіктер тілейміз!

Әуезов әлемін таныған ұрпақ – руханият биігін бағындырар ұрпақ!

Воспитательно-профилактическая работа
12 октября 2026
«Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі өтті

«Ұстаздарға мың алғыс» онкүндігі

Мұғалімдер күніне орай облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы ұсынған «Ұстаздарға мың алғыс» онкүндік жоспарына сәйкес, Абай ауданының білім беру ұйымдарында онкүндіктің ашылу салтанаттары ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар мен педагогтерге онкүндіктің жоспары таныстырылып, алдағы мерекелік іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Ашылу салтанатында оқушылар ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлең жолдарын оқып, өздерінің ыстық ықыластарын жеткізді.
Онкүндік аясындағы іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби мәртебесін көтеру, лардың қоғамдағы орынын нығайту, ұстаз еңбегін дәріптеуге, педагог мамандығына деген құрметті арттыруға және білім алушылардың алғысын білдіруге бағытталған.

06 октября 2026
Абай ауданының ардагер ұстазы «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Абай облысы, Абай ауданы, «С. Бекбосынов атындағы орта мектебі» КММ-де 38 жыл математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен ардагер ұстаз Шаянбай Үмітқан Айтқалиқызы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ж. Д. Сүлейменова қолынан «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісіне арнаған ұлағатты ұстазымыздың бұл марапаты – көп жылғы адал еңбегінің лайықты бағасы.
Үмітқан Айтқалиқызын мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын тілейміз!

06 октября 2026
Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Ағымдағы жылдың 1 қазан күні  физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Аманов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларына олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың интеллектуалдық әлеуетін дамыту, математика саласындағы білімдерін тереңдету, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру және стандартты емес есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру.

Олимпиадаға ауданымыздан «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ-нің 10 сынып оқушысы Болатқазықызы Әдемі қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Жас математик Әдеміні және ұстазын жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы білім додаларында биік белестерден көрініп, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.

06 октября 2026
Әдістемелік кеңес отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Абай ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарларының қатысуымен әдістемелік кеңес отырысы өткізілді.

Кеңес барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

1.Педагогтерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі пилоттық жобаға енгізілген өзгерістер туралы әдіскер А. Аухадиева ақпарат беріп, педагогтерді аттестаттауға дайындау, талаптарды түсіндіру және әдістемелік сүйемелдеу бағыттарына тоқталды.

2.Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша білім алушылар арасында өтетін олимпиадаларға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары қаралды. Бұл бағыт бойынша бас маман Б. Байтөсов ақпарат берді.

Кеңес барысында білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау, дарынды оқушыларды қолдау және білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмысты жүйелеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.


Басты мақсат – педагогке қолдау көрсету, оқушының мүмкіндігін дамыту және білім сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмысты қамтамасыз ету.

06 октября 2026
Әуезов әлемі және ұлттық құндылықтар

2026 жылғы 28 қыркүйекте қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туған күніне орай білім беру ұйымдарында «Әуезов әлемі және ұлттық құндылықтар» тақырыбында облыстық бірыңғай әдебиет сабағы өтті.

Әдеби сабақтың негізгі мақсаты – М.Әуезов шығармаларындағы «Толық адам» ілімі, ұлттық салт-дәстүр, адамгершілік пен елжандылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, оқушылардың көркемдік-эстетикалық танымын дамыту.

Сабақ барысында оқушылар ұлы қаламгердің шығармашылық мұрасын зерделеп, ұлттық құндылықтардың мәнін танып, тағылымды ойлармен бөлісті.

Әуезов әлемі – ұлт руханиятының биік белесі, ұлттық құндылықтардың сарқылмас қазынасы.

Мектепке дейінгі ұйым
06 октября 2026
«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауы ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйым  әдіскерлерінің озат педагогикалық тәжірибесін қолдау және тарату, әдістемелік жұмыстын сапасын арттыру, кәсіби дамуын ынталандыру, инновациялық әдістемелік тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауы  ұйымдастырылды. 
Байқау қорытындысы бойынша  жүлделі І орын алған «Б.Байғожина атындағы бөбекжайы»КМҚК әдіскері Думанбекова Лаура Дандыбековна облысқа жолдама алды.
Жеңімпазға байқаудын облыстық кезеңіне сәттілік тілейміз.

Мектепке дейінгі ұйым
18 ноября 2024
Ағымдағы жылдың 13 қараша күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министірінің орынбасары- Үкімет Аппаратының басшысы Ғ.Т.Қойшыбаев “Өтініштермен жұмыс істеу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарына” сәйкес облыстық білім басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің бірінші басшылары және өтінішке жауапты мамандарының қатысуымен жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерді қарастыру бойынша семинар өткізілді. Семинарда әр түрлі сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауап берілді.
Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы