
Ағымдағы жылдың 24 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйым әдіскерлерінің озат педагогикалық тәжірибесін қолдау және тарату, әдістемелік жұмыстын сапасын арттыру, кәсіби дамуын ынталандыру, инновациялық әдістемелік тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» байқауы ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі І орын алған «Б.Байғожина атындағы бөбекжайы»КМҚК әдіскері Думанбекова Лаура Дандыбековна облысқа жолдама алды.
Жеңімпазға байқаудын облыстық кезеңіне сәттілік тілейміз.