Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй құрылысы бойынша

Тұрғын үй құрылысы бойынша

 

         Кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Қалбатау ауылында 20 екі пәтерлі тұрғын үй, Шар қаласында 15 екі пәтерлі тұрғын үй, Жаңғызтөбе кентінде 5 екі пәтерлі тұрғын үй, Бірлік ауылында 3 екі пәтерлі тұрғын үй, Жаңаөзен ауылында 2 екі пәтерлі тұрғын үй сатып алуға облыстық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылды.

         Нәтижесінде:

Қалбатау ауылында 24 пәтер, Жаңғызтөбе кентінде 10 пәтер, Жанаөзен ауылында 4 пәтер,  Бірлік ауылында 6 пәтер, Шар қаласында 22 пәтер тұрғын үй салынды.

2024 жылдың 31 желтоқсан кезеңіне Жарма ауданы бойынша  тұрғын үй кезегінде 610 адам тұр: оның ішінде

Жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар- 99 адам

Көпбалалы отбасылар- 109 адам

Халықтың әлеуметтік осал топтары- 235 адам

Мемлекеттік, бюджеттік ұйымдарының қызметкерлері- 131 адам

Жалғыз тұрғын үйі апаттаы деп танылған- 36 адам

 

 

 

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша

 

2022 жылы басталған өтпелі жоба - Сұлусары ауылындағы су құбыры желісі құрылысының (құны – 411,7 млн.теңге) мерзімінен кешіктірілуіне байланысты, мердігерді ұйым 2024 жылы жосықсыз жабдықтаушы деп танылды. Бүгінгі таңда аталған жобаны аяқтау мақсатында жобалық сметалық құжаттаманы түзету жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық бюджет есебінен Үшбиік, Қалбатау, ауылындағы және Жанғызтөбе кентіндегі су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Бүгінгі таңда республикалық және облыстық бюджет есебінен Қалбатау, ауылындағы және Жанғызтөбе кентіндегі су құбыры желісін қайта жаңғыртуға тиісті қаражат бөлінді. Жөндеу жұмыстарын 2025 жылы жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар бүгінгі күнге Ақбұзау-Шар магистралдық топтық су құбырын реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Әзірленген жобалық-сметалық құжаттарға байланысты бюджеттік өтінім тапсырылатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

Жарықтандыру

 

2023 жылы 11 елді мекенде 14 көше жарығын орнатуға жобалық сметалық құжаттар әзірленген.

2024 жылға 5 елді-мекенде 6 көше жарығын орнатуға  облыстық бюджеттен 106 466,0 мың теңгеге қаражат қарастырылып, конкурстық рәсімдер жүргізілді. Конкурс қорытындысы бойынша «Рубин және К» ЖШС мердігерлік ұйымы (Шымкент қ.) аңықталды. Конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін Абай облысының Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мердігер «Рубин және К» ЖШС жұмыс тәжірибесі бойынша дұрыс емес ақпарат бергені туралы ұйғарым жіберді. Осыған байланысты бөлім тарапынан 2024 жылдың 13 наурыз күні мердігер ұйымға шарт жасасқаннан кейін жозықсыз деп тану туралы талап арыз жолданған. Сот шешімі 2024 жылдың 12 қарашасында  шығарылды, сол себепті көше жарығын тарту жұмыстары жасалынған жоқ. Аталған жобларды аяқтау мақсатында бюджеттік өтінім әзірленіп, наурыз айында облыстық бюджет есебінен қаржыландыруға өтінім жолданатын болады.

Бұдан бөлек, Шар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының картасы аясында  Шар қаласының кіреберісіне және Шар қаласынан Сарыарқа ауылына дейін  көше жарығын орнатуға облыстық бюджеттен 55000,0 мың теңге қаражат бөлінген. Атқарылған жұмыстардың барысында Шар қаласының кіреберісіне көше жарығын орнатылды.

Ал Шар қаласынан Сарыарқа ауылына дейін  көше жарығын орнатушы мердігер ұйым жұмыстарды уақтылы орындамағаны үшін жозықсыз деп тынылып, тұрақсыздық айыппұлын төлеуге міндеттелді. 2025 жылы аталған жобаны аяқтауға байланысты тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

 

Жылумен қамтамасыз ету бойынша

Ауданда 2 теміржол тұйығы орналасқан (ЖК Ақбаев Талғат Жаңғызтөбе кенті, ЖК Сулейменов Ермек Шар қаласы). ШҚО Жарма ауданының тұрғындары үшін бүгінгі таңда темір жол тұйықтарында қатты отын әкелініп, тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.

Орталықтандырылған жылу жүйесі (Шуақ ауылы, Әуезов кенті).  Жылу желілері жылыту маусымына дайын.

Автономды қазандықтар: 41 олардың жылыту маусымына дайыны 41 немесе 100% құрайды.

Шуақ кентіндегі қазандыққа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 364 655,2 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының қорытындысы бойынша «АСТ химпром» ЖШС-мен 280 000,0 теңгеге келісім шарт жасалған. Бүгінгі күнге жөндеу жұмыстары аяқталды

Денсаулық сақтау нысандары: нысандар саны 41 бірлік, оның 41-дайын немесе 100% құрайды.

Білім беру  нысандары: нысандар саны 48 бірлік оның ішінде 48 нысан дайын немесе 100% құрайды.

Көп қабатты тұрғын үйлер нысандар саны: 28 бірлік, барлық көпқабатты тұрғын үйлер жылу маусымына дайын.

Әуезов кенті  бойынша  «Әуезов коммуналдық желілері» ЖШС қазандығы бойынша қажетті жылдық көмір көлемі 6500 тоннаны құрайды

Шуақ ауылына қажетті көмір көлемі 2025 жылға  5265 тонна. «Жарма Су» комуналдық мемлекеттік кәсіпорыны «Қаражыра» АҚ-мен қажеттік қатты отын көлеміне келісім шарт жасалды. 

Денсаулық сақтау нысандары бойынша көмірдің қажеттілігі 2000 тоннаны құрайды. Жеткізілген көмір 2000 тонна немесе 100 % құрайды.

Мәдениет және әлеуметтік қорғау нысандары - 600 тонна. Жеткізілген көмір 600 тонна немесе 100% құрайды.

Білім беру объектерге көмірдің қажеттілігі 8821 тонна. Жеткізілген көмір 8821 тонна немесе 100% құрайды.

 

2024 жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстарын

 ұйымдастыру туралы

Аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу шеңберінде Шар – Кезеңсу жолының (3,5 км.) орташа жөндеуі жоспарланып, облыстық бюджет есебінен  213,4 млн. теңге бөлінді, бүгінгі күнге жұмыстар толық аяқталды, мердігер - «СКА» ЖШС, Жарма ауданы.

Аудандық маңызы бар Жаңғызтөбе-Жарық жолын (15 км.) орташа жөндеуден өткізуге сметалық құжаттамалар дайындалып, смета бойынша жұмыстардың көлемі 823,0 млн. теңгені құрады. Дегенімен, биылғы жылға облыстық бюджеттің мүмкіншілігіне қарай 250,0 млн. теңге бөлініп, қалған қаражатты бөлу мәселесі алдымыздағы облыстық мәслихат сессиясында қаралады. Бүгінгі күнге барлық жұмыстар толығымен аяқталды. Мердігер ұйым "ӨСКЕМЕНСПЕЦКОММУНТРАНС" ЖШС, Өскемен қаласы.

          "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында Шалабай ауылындағы Мәсәлім көшесінің жолына (2,2 км.) облыстық бюджеттен 124,2 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары  аяқталды. Мердігер – «СКА» ЖШС, Жарма ауданы.

         Шар қаласының Карелина көшесінің жолына (3,3 км.)  орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджет есебінен – 312,7 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары  аяқталды. Мердігер – «СКА» ЖШС, Жарма ауданы.

         Сонымен қатар Шар қаласының Амангелді көшесіне  (2,9 км.) - 234,1 млн. теңге бөлінген. 

 

Амангелді көшесінің жобалық сметалық құжаттамасы 2024 жылы әзірленіп сараптамаға ұсынылған. Алайда сметалық құжаттамада кемшіліктер болғаннан соң, сараптамадан өтпеді.  2025 жылы орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылады.

         Сондай-ақ, облыстық бюджеттен Шар қаласының көшелерін (30,0 млн. теңге) және Қалбатау ауылы көшелерін ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 9,3 млн. теңге бөлінді. Аудандық маңыздағы 31 шақырымды құрайтын Жарма-Қызылағаш жолының 6,5 шақырымын (10,3 млн. тенге), Жаңғызтөбе-Жарық жолының Малай – Жарық бөлігінің 4 шақырымын (6,3 млн. теңге), Үкілі ауылына баратын жолдың 4 шақырымын (9,7 млн. теңге) ағымдық жөндеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен жалпы 65,6 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар толығымен аяқталды.

 

Абаттандыру жұмыстары бойынша –

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

         Аудан әкімінің 2024 жылдың 29 наурызындағы №154 қаулысына сәйкес округтегі елді мекендерді көркейту, көгалдандыру деңгейін одан әрі арттыру және санитарлық жағдайын сақтау мақсатында ағымдағы жылдың  5 сәуірінен бастап 7 маусым аралығына дейін әр мекеме өздеріне бекітіліп берілген көшелерді лайықты қалыпқа келтіру, тазалау, жиналған қоқыстарды шығару бойынша  екі айлық сенбілік жұмыстары бастау алды.

         Қалбатау ауылымен Қапай батыр ауылына дейінгі аралыққа сенбілік жұмыстары жүргізу, тоғайларын ақтау, қалыпқа келтіру жұмыстары жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылды.

         Орталық саябақ, Достық көшесінің соңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақ бойына, орталық алаң, «Мәңгілік-Ел» монументі, Достық көшесінің бойындағы саябақтардың және  мекемелердің алдына гүлзарлар отырғызу жұмыстары мамыр айында атқарылды.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың өңірлерде тазазлық, аббаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығын атап өткен болатын. Осы орайда Жарма ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жұмыстар бастау алды.

1-ші апта(6-13 сәуір) - «Таза өлке» күні -тұрғындар, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындар өз аумақтары мен аулаларын тазартылды;

2-апта(20 сәуір) - «Киелі мекен» - тарихи және мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмыстарына арналды;

3-апта (27 сәуір) -  «Жасыл аймақ» күнінде - ағаш көшеттерін отырғызу және көшеттерді әктеу жұмыстары ұйымдастырылды;

4-апта (4 мамыр) - «Өнегелі ұрпақ» күні - тыл ардагерлері, жалғыз тұратын қарт адамдардың аулалары мен үйінің аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары  ұйымдастырылды;

5-ші апта (11 мамыр) - «Мөлдір бұлақ» күні - өзен-көлдердің маңайындағы қоқыстарды тазарту ұйымдастырылды.

         Елді мекендерде мекеме, ұйымдар қызметкерлерінің, тұрғындарының, еріктілердің қатысуымен тазалық күндері өтті. Тазалық жұмыстарына жиыны 707 адам қатысып, 12 техника жұмылдырылды. 57,4 км көшелер мен жолдар, 510 тұрғын үй аулалары, 25 оқу орындары мен мәдениет аумақтары тазартылып, жиыны 44 м3 қоқыс шығарылды.

         Оған қоса ауданның аумақтық бірлік әкімдері әр әкімшілік-аумақтық бөліністерде:

1)      әр жұма, сенбі күндері елді мекендерде сенбіліктерді өткізу;

2)      көктемгі ағаш бұталарын отырғызу, көгалдар, гүлзарлар жасау;

3)      аумақтарды тазалау жөнінде үнемі санитарлық күндер өткізу;

4)      ұйымдастырылмаған қоқыс төгетін орындарды жою;

5)      ауылдық округтерде салынған балалар ойын алаңдарын күтіп ұстауға кәсіпкерлерді, кәсіпорындарды бекіту туралы ұсыныс.(краскілеу, ағаштар отырғызу, т.б.)

         «Жарма ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, жолаушы тасымалдау көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ-сі  тарапынан ауылдық әкімдіктерден фото жиналып, өткізілген сенбіліктер бойынша кезекті аппарат отырыстарында есеп берілді. «Жарма ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ сенбілік барысы және оның қорытындылары туралы (фото, видео) ақпараттық материалдар дайындап, ауданның бұқаралық ақпарат құралдарында және аудан әкімінің ресми сайтында жариялап, қамтамасыз етті.

         2024 жылға аудандық бюджет есебінен ауданының елді мекендерінде абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 144 432,7 мың теңге қаражат бөлінді.

         Көгалдандыру және абаттандыруға  102 767,7 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде:

- Ақжал ауылдық округіне – 38,3 мың теңге (гүл сатып алуға);

- Жарма кентіне – 6 328,0 мың теңге (балалар ойын алаңын салуға);

- Қарасу ауылдық округіне – 250,0 мың теңге (гүл сатып алуға);

- Қызылағаш ауылдық округіне – 834,1 мың теңге (гүл сатып алуға);

- Қапанбұлақ ауылдық округіне – 10 547,0 мың теңге (балалар ойын алаңын салуға);

- Қалбатау ауылдық округіне – 68 421,1 мың теңге (гүл алуға, жанатын арка және сырғалар, орталық саябақты күтіп ұстауға);

- Үшбиік ауылдық округіне – 3 649,2 мың теңге;

- Шар қаласына – 12 700,0 мың теңге (гүл сатып алуға, саябақты күтіп ұстауға);

         Елді мекендерді санитарлық тазартуға 41 665,0 мың теңге бөлінді.

Оның ішінде:

-Ақжал ауылдық округіне – 600,0 мың теңге;

- Белтерек ауылдық округіне – 1000,0 мың теңге;

- Бірлікшіл ауылдық округіне – 1 175,0 мың теңге;

-Бірлік ауылдық округіне – 3000,0 мың теңге;

-Божығұр ауылдық округіне – 1790,0 мың теңге;

-Жаңғызтөбе кентіне – 2700,0 мың теңге;

-Жарма кентіне – 1500,0 мың теңге;

-Жарық ауылдық округіне – 1600,0 мың теңге;

-Қарасу ауылдық округіне – 2000,0 мың теңге;

-Қызылағаш ауылдық округіне – 600,0 мың теңге;

-Қапанбұлақ ауылдық округіне – 1500,0 мың теңге;

-Қалабатау ауылдық округіне – 10000,0 мың теңге;

-Суықбұлақ кентіне – 6000,0 мың теңге;

-Шалабай ауылдық округіне – 1100,0 мың теңге;

-Шар қаласына – 6500,0 мың теңге.

        

         Аудан аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою туралы

Ауылдық округ әкімдерінің шешімімен тұрмыстық қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша орналастыру және сақтау үшін 19 жер телімі бөлінді, оның ішінде Қапай батыр ауылы мен Шар қаласында 2 қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны. Бұл қоймалар жыл сайын «Аудандағы елді мекендерді санитарлық тазарту» бағдарламасы бойынша жергілікті бюджеттен қаржы бөлінуде. Жерді рекультивациялау және қатты тұрмыстық қалдықтар қоймаларын күтіп ұстау жергілікті қоғамдастықтың қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, Шалабай ауылында және Жаңғызтөбе кентінде тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салуға байланысты жобалық құжаттары әзірленуде.

Дата публикации
03 марта 2025
Дата обновления
03 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
"Инфо-графикалар"
19 октября 2026
"Аудио-роликтер"
19 октября 2026
"Бейне-роликтер"

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы