Бүгін Abai IT Valley-де көңілді әрі шаттыққа толы күн болды!

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай, Cyber Tumar іс-шара аясында бізге мектеп оқушылары қонаққа келді. Біз оларды нағыз технологиялар әлеміне саяхатқа алып шықтық!
Балалар роботтарды іске қосып, 3D-принтерлердің қалай жұмыс істейтінін көріп, өздерімен бірге болашақ технологияларымен жасалған ерекше ойыншықтарды сыйлық ретінде алып кетті!
Қуаныш пен күлкіге толы сәттер – балалар үшін де, біз үшін де үлкен шабыт!
Abai IT Valley әрдайым жас қонақтарды қарсы алуға және IT әлемінің есігін ашуға дайын!