IT саласындағы алғашқы қадамды әр адам жасай алады!
Семей қаласында Open Fest іс-шарасы өтті. Қатысушылар заманауи IT-технологиялармен, жасанды интеллектпен және оларды күнделікті өмірде әрі кәсіби қызметте қолдану мүмкіндіктерімен танысты.
Бүгінде IT мен жасанды интеллект үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге, тиімді шешімдер қабылдауға және білім беру, бизнес пен қоғамды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі.
Іс-шара Semey Hub және Tomorrow School қолдауымен ұйымдастырылды.
Цифрлық болашақ алғашқы қадамнан басталады. Мүмкін, дәл бүгін сол қадамды сіз жасаған шығарсыз!
#OpenFest #IT #ЖасандыИнтеллект #Цифрландыру #SemeyHub #TomorrowSchool #Семей #АбайОблысы