Semeу Hub-та жаңа мүмкіндік!
Жасанды интеллект пен 3D-модельдеу саласына қызығушылық танытатын жастарды «3D-модельдеу және жасанды интеллект» практикалық буткемпіне шақырамыз!
2 апта ішінде қатысушылар:
тиімді промпттар құрастыруды;
AI көмегімен идея, референс және концепт әзірлеуді;
қарапайым 3D-модельдер генерациялауды;
Blender бағдарламасында материал, жарық және камерамен жұмыс істеуді;
идеяны дайын 3D-визуализацияға айналдыруды үйренеді.
Формат: практикалық офлайн оқыту
Ұзақтығы: 2 апта — 12 оқу күні
Қатысушылар: 14 жастан бастап
Нәтижесінде: әр қатысушы өз қолымен толыққанды 3D-жоба әзірлейді.
Бұл — тек теория емес, идеядан дайын жобаға дейінгі практикалық тәжірибе!
AI мен 3D әлеміне алғашқы қадамыңды Semeу Hub-пен бірге жаса!