Жаңасемей ауданындағы ауылдар интернетке қосылады

Жарияланған күні: 08 шілде 2026

желіге қосу жұмыстары қыркүйекте аяқталады Өткен жылы облыс әкімінің Жаңасемей ауданының Талица ауылына жұмыс сапары барысында тұрғындар елді мекенді ауыз сумен және интернетпен қамтамасыз ету мәселесін көтерген болатын. Бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.Ауылды интернет желісіне қосу үшін қажетті қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізілуде. Қыркүйек айының соңына дейін елді мекенді интернет желісіне қосу жоспарланып отыр.