Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Өңірдің соңғы жылдардағы мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы қызметі

Өңірдің мәдениет, тілдерді дамыту және спорт саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты дамып келеді.

Мәдениет мекемелерінің желісі 33 нысаннан тұрады, оның ішінде 1 аудандық және 6 ауылдық Мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб, 1 аудандық және 21 ауылдық кітапхана. Ағымдағы жылы Петропавловка ауылдық округінде мәдени-демалыс объектісінің құрылысын бастау жоспарлануда. Бұдан басқа, Жерновка және Камышенка ауылдарында клубтар салуға арналған құжаттар дайындалып, облыстық бюджет комиссиясының қарауында.

Аудандық мәдениет үйінде және ауылдық клубтарда 60 үйірме жұмыс істейді, оларға әр түрлі жастағы 700-ден астам аудан тұрғындары қатысады.

Кітапханалардың кітап қоры – 264 мың дананы, оның ішінде мемлекеттік тілде – 78 мың дананы (29%) құрайды. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 12 мың адамды құрады. Новая Шульба, Михайличенково, Бородулиха ауылдарының кітапханаларында тұрғындарға ҚР электрондық үкімет жүйесінен анықтама алуға көмек көрсететін онлайн-орталықтар табысты жұмыс істеуде. 22 ауылдық кітапхананың 7 кітапханасы интернетке қол жеткізе алады: ОКЖ, Михайличенково, Новая Шульба, Белағаш, Песчанка, Новопокровка ауылдарындағы және Жезкент кентіндегі ауылдық кітапханалар, 12 кітапхана компьютермен қамтамасыз етілген. Балаларды оқуға тарту мақсатында кітапханаларда шығармашылықпен айналысатын үйірмелер ұйымдастырылып, жұмыс істейді. Аудандық кітапханада екі үйірме жұмыс істейді:" Шабыт "- бейнелеу өнері бойынша және әдеби-драмалық "Современник"; Новопокровка кітапханасында мүмкіндігі шектеулі балаларға "Изюминка" үйірмесі; Зубаир ауылдық кітапханасында би және шахмат үйірмесі; Песчанка ауылдық кітапханасында тұзды қамырдан мүсін жасау үйірмесі; Ивановка ауылдық кітапханасында сурет үйірмесі.

2024 жылға арналған "Абай облысы Бородулиха ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ бюджеті 82494,0 теңгені құрады.

Ауданның барлық мәдениет мекемелерінде барлық басым бағыттар бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі. 2024 жылы ірі әлеуметтік маңызы бар мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті бюджеттен 7 млн.400 мың теңге бөлінді. Мәдениет мекемелері 2024 жылы 420 мәдени-бұқаралық іс-шара өткізді. Оның ішінде Масленица, Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу, Наурыз, Жаңа жыл сияқты ірі әлеуметтік маңызы бар мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.      

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тоқсан сайын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың іс жүргізуінде мемлекеттік тілдің қолданылуына мониторинг жүргізеді.

Тілдерді оқыту орталығында 6 қазақ тілі оқытушысы және 1 Ағылшын тілі оқытушысы жұмыс істейді. Оқыту заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізіледі.

Ауданның спорттық инфрақұрылымы 2024 жылы спорт нысандарына жүргізілген түгендеуге сәйкес, 65 спорт ғимараты мен 38 спорт залымен ұсынылған.

Ағымдағы жылы Камышенка, Белағаш, Жерновка, Ивановка, Новая Шульба, Дмитриевка ауылдарында жасанды жабыны бар 6 шағын футбол алаңы орнатылып, Бородулиха ауылында жүзу бассейні бар ДШСК пайдалануға берілді. Халыққа спорт ғимараттарының қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

«Абай облысы Бородулиха ауданы Петропавловка ауылында спорт - демалыс орталығының құрылысы" жобасы іске асырылуда, тапсыру мерзімі 2025 жыл.

          Оқушыларға қосымша білім беруді ұйымдастыру үшін ауданда балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 10 бөлімше жұмыс істейді, 6 филиал ашылды. Оқушылар саны 576 адам, 46 оқу тобы ашылды. БЖСМ – де 26 жаттықтырушы жұмыс істейді, оның ішінде штаттық 15 жаттықтырушы, жоғары арнайы білімі бар - 11 адам.

         "Шахтер" жастар-жасөспірімдер клубы өз жұмысын жалғастыруда. Жезкент кентіне 1800 адам қамтылса, оның ішінде 315 оқушы. Зенковка ауылында "Зенковка" хоккей клубы, жабық хоккей модулі жұмыс істейді, қатысушылар саны 1000-нан астам адам, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер саны 138, 200 жұп спорттық құрал-саймандарды (етік, коньки) жалға беріледі.

Ә. Бөкейхан ат. қазақ орта мектебінде шығармашылық үйінің жанынан "Ақ ладья" шахмат клубы ашылды, адам сан - 162, оның ішінде 73 оқушы айналысады.        

Жезкент кентінде дене шынықтыру және спорт саласында ақылы қызмет көрсететін ЖК "Тюленева", ЖК "Әмір", ЖК "Арсаков" тіркелді. Джиу - джитсу, каратэ-до, бокс, дзю-до бойынша барлығы 161 адам айналысады, айына абонементтік төлем 2000-нан 5000 мың теңгеге дейін құрайды, сабақтар Жезкент кентінің мәдениет үйінің спорт залдарында өткізіледі.

Ауданда спорттың 35 түрі бойынша барлығы 414 спорт секциясы ашылды.  Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындарды қамту 13014 адамды құрайды, бұл тұрғындардың жалпы санының 40% құрайды.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қаңтар айында аудан әкімінің орынбасарымен 2025 жылға арналған спорттық - бұқаралық іс-шаралар күнтізбесі әзірленіп, бекітілді.

ҚР-да мемлекеттік және халықтық мерекелерге, атаулы күндерге арналған спорттық-бұқаралық іс-шараларды жыл сайын ауылдық және кенттік округтердің әкімдері жергілікті жерлерде жоспарлайды және өткізеді. 2024 жылы аудан көлемінде барлығы 144 іс-шара өткізілді, оған 12000-нан астам адам қатысты.

2024 жылы 45 жаппай разрядты спортшылар және СШҮ - 6 адам дайындалды.

Ауданның үздік спортшыларына облыстық жарыстарға қатысу қамтамасыз етілді. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың аудандық күнтізбесі іске асырылуда, оған сәйкес ерлер командалары арасында шағын футболдан, ерлер мен әйелдер волейболынан ай сайынғы ауыспалы кубоктар өткізіле бастады; шайбалы хоккейден турнирлер өткізілді; мамырдан қыркүйекке дейін аудан округтерінің қатысуымен футболдан аудан біріншілігін өткізу және басқа да спорттық іс-шаралар жоспарлануда. Ауданның үздік 400-ден астам спортшылары облыстық және республикалық жарыстарға қатысты.

Ауданды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге және бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

Аудан халқы өткізілетін барлық іс-шаралар бойынша ақпараттар аудандық газет, сондай-ақ интернет ресурстар арқылы хабардар етіледі. Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалар бөліммен және барлық ведомстволық бағынысты мекемелермен жүргізіледі. Сонымен қатар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Бородулиха ауданы әкімдігінің парақшасында тікелей эфир арқылы аудан тұрғындарымен кездесулерге қатысады.

Документы
Ақпарат
08 октября 2025
Бородулиха ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Новодворовка ауылдық округі тұрғындары жиналысының хаттамасы
Ақпарат
08 октября 2025
Бородулиха ауданының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Жезкент кенттік округі тұрғындары жиналысының хаттамасы
Новости
Полезные материалы
2018 жылдың 6 айына бөлім қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпарат
Медиагалерея
1
2025 жылғы 25 сәуірде "Елден сәлем" фестивалі аясында Бородулиха ауданының әртістері концерттік бағдарламамен Көкпекті ауданына барды
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы