Мәдениет
Мәдениет мекемелерінде 34 нысан бар, соның ішінде, 1 аудандық және 4 ауылдық мәдениет үйі, 6 ауылдық клуб, 1 аудандық және 21 ауылдық кітапхана, Достық үйі бар.
Аудан аумағында жергілікті деңгейдегі 4 тарих және мәдени ескерткіш пен 71 археологиялық ескерткіш тіркелген. Ауылдық (кенттік) округтердің әкімдерімен және «Буркотовское» ЖШС, «Достық» шаруа қожалығымен 75 күзет міндеттемелері жасалынды.
Ауданда «Халықтық» атағы бар 2 ұжым («Гакку» және «Русские узоры»), би ұжымдары («Грация», «Грандж»), вокалдық – инструменталдық ансамбль тағы да басқа үйірмелер жұмыс істейді.
Мәдениет үйілері мен ауылдық клубтарда 75 үйірме жұмыс істейді, оның 21 – балалар, 54 – ересектер үйірмесі, үйірмелерге 1123 адам тартылған.
Достық үйінің қызметі мемлекеттік, аудандық деңгейлердегі мерекелік және мерейтой күндері ескеріле отырып бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Достық үйінде 8 этномәдени бірлестік: «Ляйсан» татар, «Верасы» белорус, «Родник», «Славянка», «Сударушка» орыс, «Смерічка» украин, «Ахмат» шешен, «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің өкілеттілігі мен «Ажар» мәдени бірлестігі жұмыс істейді.
Барлық ауылдық округтерде қоғамдық келісім кеңестері, аналар кеңестері, Достық үйінің жананда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жас жүрек» жастар клубы жұмыс істейді.
01.07.2018 жағдай бойынша аудандық кітапханалардың кітап қоры 251,561 мың дананы құрайды, соның ішінде мемлекеттік тілдегісі 63,517 мың дана. Кітапхана оқырмандарының жалпы саны 9109 адамды құрайды. Есептік кезеңде 2792 дана жаңа кітап алынды, оның 1622 данасы мемлекеттік тілде. Электронды каталогқа 12632 дана кітап аударылды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 5020
Бородулиха, Новошульба, Михайличенково кітапханаларында қолданушыларға заңгерлік, әдістемелік көмек көрсететін онлайн – орталықтар жұмыс істеп тұр. Есептік кезеңде онлайн – орталықтарды 632 қолданушы тіркелген. Сонымен қатар компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша семинар – тренингтер өткізіледі, 6 айда 22 тренинг өткізіліп, 60 адам оқытылды.
22 ауылдық кітапхананың 6 ғаламтормен қамтамасыз етілген (ОКЖ, Михайличенково, Новошульба, Бел-Ағаш, Новопокровка ауылдық және Жезкент кенттік кітапханалары), 12 кітапхана 19 компьютермен жабдықталған.
Балаларды кітап оқуға тарту үшін кітапханаларда шығармашылық үйірмелер ұйымдастырылған. Аудандық кітапханада бейнелеу өнері бойынша «Вдохновение» және әдеби – драмалық «Современник» үйірмелері; Новопокровка кітапханасында мүгедек балалар қатысатын, «Изюменка» үйірмесі; Зубаир кітапханасында би үйірмесі мен шахмат үйірмесі; Песчанка кітапханасында тұзды қамырды илеу үйірмесі; Ивановка ауылдық кітапханасында сурет үйірмесі жұмыс істейді.
Ауданның барлық мәдени мекемелерінде барлық негізгі бағыттар бойынша мәдени – бұқаралық іс – шаралар өткізіліп отырады.
2018 жылдың есептік кезеңінде мәдениет мекемелерімен 520 мәдени – бұқаралық іс – шара өткізілді немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (486 іс-шара) 1,04 есеге артты. Іс – шараларға 36400 адам қатысты. Соның ішінеде әлеуметтік маңызды іс – шаралардың саны – 99.
Тілдерді дамыту
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Бородулиха ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 49 қаулысымен 2017 – 2019 жылдарға арналған аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді.
Ауданда барлық тұлғаларға мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Тілдерді оқыту бойынша тегін курстар ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін ағымдағы жылы жергілікті бюджеттен 14078,0 мың теңге бөлінді.
Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 6 қазақ тілінің, 1 ағылшын және 1 орыс тілдерінің оқытушылары жұмыс істейді. Филиалдардағы сабақтар заманауи құралдармен жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізілуде. Тілдерді оқыту орталығының материалдық – техникалық базасын нығайту үшін жергілікті бюджеттен 750,0 мың теңге бөлінді.
2017 – 2018 оқу жылында мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығында 256 тыңдаушы мемлекеттік тілді тегін оқыды, олардың 167 - мемлекеттік қызметші; ағылшын тілін 51 адам, олардың 16 мемлекеттік қызметші. Сонымен қатар тілдерді оқыту орталығының жанында «Тілашар» қысқа мерзімді (2 айлық) курсы жұмыс істейді, онда 95 адам оқыды.
Ағымдағы жылы тілдерді оқыту орталығының жанынан оралмандар үшін орыс тілін оқыту курсы ашылған, онда 11 адам оқыды.
Ауданда 4924 оқушы оқыған 34 мектеп жұмыс істейді, олардың 10 аралас, 4 қазақ тіліндегі мектеп. Қазақ тіліндегі мектептер мен аралас мектептердегі қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда 1327 оқушы білім алды, олардың 22 өзге ұлт өкілі.
Сонымен қатар 425 бала тәрбиеленетін 14 шағын орталық жұмыс істейді, олардың 2 аралас, 3 қазақ тілінде оқытылады, қазақ тіліндегі шағын орталықта – 125 бала тәрбиеленуде, оның 11 басқа ұлт өкілдері.
3 балабақшада орыс тілінде оқытылатын 15 топ бар, онда 356 бала тәрбиеленеді, ал қазақ тілінде оқытылатын 12 топта 270 бала тәрбиеленуде, оның 9 этнос балалары.
Мәдени бұқаралық, спорттық және басқа қоғамдық іс – шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы қамтамасыз етілуде. Ауданда жыл басынан бастап 520 іс – шара өткізілді.
Тіл саясаты баспа және электронды БАҚ арқылы насихатталып отыр. Тілдер саясатын іске асыру мақсатында аудандық газет беттері мен аудан әкімінің сайтында 2018 жылдың 2 тоқсанында 32 материал жарияланды. Соның ішінде мемлекеттік тілде – 13, орыс тілінде – 10, екі тілде – 9.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша құжатайналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 94 пайызды құрайды.
Мемлекеттік және басқа тілдерді білуден конкурстар, олимпиадалар, акциялар және айлықтар өткізуге жергілікті бюджеттен 607,0 мың теңге бөлініп, оның 222,0 мың теңгесі игерілді.
2018 жылдың есептік кезеңінде 10 астам аудандық іс – шара өткізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңіберінде, қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселелері бойынша аудан әкімінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 274-ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 2018 жылдың 1 шілдесіне ауылдық және кенттік окрігтерде 30 – астам түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1751 адам қамтылды.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 тапсырмасы негізінде тілдерді дамыту жөніндегі басқармадан берілген елді мекендер мен оның құрамдас бөліктерінің тізбесіне сәйкес, Бородулиха ауданында 7 елді мекен мен 51 көше қайта атауға жатады.
Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 2 ақпандағы кезекті отырысында Новошульба, Степной, Переменовка, Бақы ауылдық округтерінің 2 елді мекені мен 9 көшесін қайта атау бойынша ұсыныс қаралып, оң шешім қабылданды.
Сонымен қатар Құнарлы, Подборный, Белағаш, Зубаир, Дмитриевка ауылдық окруктерінің 2 елді мекені мен 16 көшесін қайта атау бойынша ауыл тұрғындарымен жиналыстар өткізіліп, оң шешім қабылданды. Аталған әкімшілік аумақтық бірліктер мен оның құрамдас бөліктері бойынша облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс енгізу үшін аудандық мәслихаттың кезекті отырысында қарауға құжаттар жиыны тапсырылды.
Идеологиялық тұрғыдан ескірген елді мекендер мен көшелерді қайта атау бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына әр жарты жылдықтың қорытындысы бойынша ақпарат жіберіліп отырады.
Мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімінің басшысы М.Досмагамбетова