«Шығыс-Адалдық алаңы» – кедергісіз орта құруға, бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге, халық үшін қолайлы жағдай жасауға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік беретін бірегей жоба.
Жоба кеңсесінің қызметі мемлекеттік қызметтер көрсету, білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары, мемлекеттік кірістер, құқық қорғау және сот органдары мәселелеріне қатысты болады.
Сондықтан, өз қаласына, ауданына, ауылына, кентіне, көп пәтерлі үйге және т.б. немқұрайлы қарамайтын ҚР кез келген азаматы осы жобаның қатысушысы бола алады.