МУЗЕЙГЕ ТАРТУ
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалында өңіріміздің тумасы, жазушы, публицист, ҚР мәдениет қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Аягөз ауданының «Құрметті азаматы», Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері Толымбек Әбдірайым қонақта болды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, үздік 30 кітап тізіміне енген балалар мен жасөспірімдерге арналған «Алабұға аулаған күн» жинағын музейге тарту етті. Жинақта кездесетін ертегілер мен мысалдардың айтар ғибраты мол, жас өркеннің жан дүниесіне әсер етерлік әңгімелердің оқиғасы қызықты, балаға тән іс-әрекеттерімен оқырманды баурап алары сөзсіз. Мәдениет жанашыры Толымбек ағамыз музей қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалап, жүрекжарды лебізін білдірді.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филиалы