Қасиетті мекенім – Қазақстан

Сахнада тұрған костюм киген ер адамдар тобы. Фонда «Alagoz» логотипі мен Абай облысы туралы жазулар бар.
0

2026 жылдың 23 қазан күні, аудандық мәдениет үйінде, елдігіміздің айбыны – Республика күніне арналған «Қасиетті мекенім – Қазақстан» атты салтанатты жиын мен мерекелік концерт болып өтті. Уақыт тынысы мен ұлттық рухты айшықтаған бұл мерекелік шара аудан жұртшылығы мен қонақтарының басын қосып, ерекше көңіл күй сыйлады.

Көрермендер залы лық толған мерекелік жиынның шымылдығысалтанатты түрде ашылды. Сахна төріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы зор құрметпен енгізіліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Залдағы барша халық бір кісідей тік тұрып, Әнұранды бірге шырқады. Осыдан кейін сахнаға аудан әкімі Нұғымаров Айбек Серікболұлы шығып, жиналған қауымды 25 қазан – Республика күнімен құттықтады. Өз сөзінде әкім бұл күннің егемендігіміздің негізін қалаған тарихи маңызына тоқталып, ауданның бүгінгі жетістіктері мен даму бағыттарын атап өтті. Салтанатты жиынның ресми бөлімі марапаттау рәсімімен жалғасты. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосқан еңбек ардагерлері мен үздік қызметкерлер сахнаға шақырылып, лайықты құрметке бөленді.

Іс-шараның екінші бөлімі мәдениет үйі өнерпаздары дайындаған театрландырылған прологпен басталды. Қойылым арқылы қазақ халқының азаттық жолындағы тарихы мен бүгінгі бейбіт өмірін хореография тілінде шебер жеткізді.. Мерекелік концерт бағдарламасы дәстүрлі өнер мен заманауи эстраданың үндестігімен ерекшеленді. Жергілікті жыршы-термешілер елдік пен бірлікті насихаттайтын термелерді айтса, мәдениет үйінің үздік вокалистері патриоттық әндерді асқақтата шырқады. Мерекелік кештің салтанатты финалында сахнаға барлық қатысушылар қайта шығып, залдағы көрермендермен бірге «Аягөзім» әнін жаппайорындады. Бұл сәт аудан тұрғындарының бірлігі мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің жарқын көрінісіне айналды.