«Бақытты балалық шақ» атты байқау

Орталық алаңда аудандық білім бөлімі мен ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруларымен «1 Маусым Балаларды қорғау»күніне арналған 1-4 класс оқушылары арасында «Бақытты балалық шақ» атты асфальтта сурет салу байқауы өткізілді.Байқауға барлық қала мектептері оқушылары қатысты..Барлық қатысқан жас суретшілер шеберліктерін көрсете білді.
Оқушылар шығармашылық ізденістермен қызықты туындыларды қызығушылықпен салып,әділқазылар мүшелерінің және көрермендердің көңілдерінен шықты.Балаларға арналған концерт барысында жас бүлдіршендерге аудан әкімі С.Ысқақов балмұздақтар тарту етті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ішкі саясат,мәдениет,тілдерді дамыту және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен,бағалы сыйлықтарымен марапатталды.