Облыстық «Алау» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау

Награждение победителей областных военно-спортивных игр «Алау»

2022 жылдың 23 қараша  күні ҚР Қарулы Күштерінің 30 жыл толуына және «Жас  сарбаз» балалар мен  жасөспірімдер республикалық қоғамдық білестігінің 4 жылдығына орай өткізілген форумында  Қазақстан облыстық «Алау» әскери-спорттық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау  рәсімі Семей қаласындағы офицерлер үйінің ғимаратында өткізіліп,патриоттық  тәрбие  берудегі  маңызы көп  іс – шараға  Аягөз  ауданының жас сарбаздары қатысып келді.

  Облыстық жарыста ІІ орын  иеленген команда Ә.Ахметжановтың  жетекшілігімен жақсы  өнер  көрсете  біліп, облыстық білім  басқармасы басшысының орынбасары А.Нускенованың қолынан білім  басқармасының кубогымен, медальдарымен,мақтау  қағаздарымен марапатталды.

Форумның  екінші  бөлігінде оқушылар Семей  қаласындағы дарыынды  балаларға  арналған Ш.Уалиханов  атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп- лицейі интернаты «КММ- е  барып жас  ұландардың тұрмыс-тіршіліктерімен   танысып,әскери өмір  бойынша  мағлұматтар  алды.

    Ауданымыздың   «Жас  сарбаздар» сыныптарының жетекшілері талмай  еңбек  етуде. Облыстық жарыстардан,байқаулардан  жүлдесіз  қалған  емес. Жас патриоттарымыз, болашақта сенімімізді  ақтайтынына  сенеміз! Құттықтаймыз!

Қызмет бағыты