БІРЛІГІМІЗ ЖАРАСҚАН

1-мамыр Қазақстан Халқының бірлігі күні! «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Айтулы мереке қарсаңында Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің Аягөз қаласындағы филилалында қалалық №1мектептің 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Бірлігіміз жарасқан» атты шара өтті. Шараның мақсаты ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау болып табылды. Оқушылардың назарына «Қазақстан-біздің ортақ шаңырағымыз» атты бейнеролик ұсынылды, сонымен қатар оқушылар бір-бірімен әр ұлт өкілдері жайлы дайындап келген деректерімен бөлісті. Шара соңында музейдің экспозициялық бөлімдеріне экскурсия жүргізілді.
Семей қаласының тарихи-өлкетану музейінің
Аягөз қаласындағы филиалы