«1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне арналған білім қызметкерлері(әйелдер) арасындағы волейбол жарысы

2022 жылдың 23 сәуір күні Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі және аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруларымен № 1 жалпы білім беретін орта мектебінде«1 Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне арналған білім қызметкерлері (әйелдер) арасында волейболдан аудандық жарыс өткізілді.
Ашылу салтанатында Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Азимбаев ұстаздарға, қонақтарға салауатты өмір салтының маңызын айта келе, жарыстың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. № 1 орта мектебінің директоры М.Жакыпбекова бастаған ұжым ашылу салтанатын үнемі жоғарғы дәрежеде өткізуде. Оқушылар ән айтып,шығыс биін әдемі орындап, қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.Бас төреші А.Байтуяқов жарыстың өту барысымен таныстырды.
Жарысқа 11 команда қатысатынын, ақтық ойындарғы шығу ережелерін түсіндіріп кетті. Командалар 3 топқа жеребе арқылы бөлінді. Ақтық ойындарда үздік ойын көрсетіп, І орынды «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы білім беретін орта № 6 мектебі»КММ-ң командасы иеленсе, ІІ орынды «О.Менаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі»КММ -ң командасы, ІІІ орынды «№ 1 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ-ң командасы иеленді.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,денешынықтыру және спорт бөлімінің кубоктарымен,медальдарымен, мақтау қағаздарымен марапатталды.