«Адамның жеке басын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің рөлі мен маңызы» атты облыстық семинар

2022 жылдың 25 ақпан күні ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының жоспарына сәйкес, бастауыш сыныптардағы дене шынықтыру мұғалімдері үшін ZOOM платформасы арқылы «Адамның жеке басын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің рөлі мен маңызы» атты облыстық семинар өткізілді.Семинарға облыстық білім мекемелерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен бастауыш сыныптарында дене шынықтыру пәнін жүргізетін ұстаздар, білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
«Қалалық қазақ мектеп гимназиясы» КММ-ң дене шынықтыру пәні мұғалімі Ш.Каджиакпарова өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барысында дене шынықтыру сабағының бастауыш сыныптарында өтілуінің маңызын сипаттап,сабақтарды жоспарлау және өткізу,құжаттарды жүргізу,сабақтан тыс іс-шаралардың өтілуінің маңыздылықтарымен таныстырды.
Семинарға қатысушылар Ш.Каджиакпарованың іс-тәжірибесін практикада қолданады деген сенімдеміз!