ҚР 30 жылдығына арналған Өскемен қаласында өткен қол күресінен облыс Чемпионаты

2022 жылдың 18-21 ақпан аралығында Өскемен қаласында 2001-2003 ж.т жастар,2004-2006 ж.т және 2007 ж.т және одан төмен жастағы жасөспірімдер арасында қол күресінен ШҚО Чемпионаты өткізілді.
Жарысқа облысымыздың барлық қала мен аудандарынан 300– ден астам оқушылары қатысты. Ауданымыздың 8 оқушысы жүлдегер атанды.Аудандық жарыстар жоғарғы дәрежеде өтіп, нағыз мықтылар аудан құрама командасының сапына енді.Дене шынықтыру пәні мұғалімдері қол күресі спортына көңіл бөле бастағаны көрініп тұр. Спорт нұсқаушысы Ж. Қыржыбаев дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен тығыз байланыста. Болашақта Республикалық жарыстарда жүлделі орындар алады деген сенімдеміз!
Осы жарыста үздіктер қатарынан көрінген оқушыларға келсек:
- Нұрзатұлы Дидар (Ж.Жабаев атындағы ЖББОМ) - І орын -60кг
- Сакенов Әли (Айғыз ЖББОМ) І орын - 50кг
3.Нурзадаева Шынар(Ақши ЖББОМ) ІІ орын -50кг
4.Муқантай Азамат (Ж.Жабаев атындағы ЖББОМ) – ІІІ орын - 55кг 5.Қайратова Ақбота (№ 4ЖББаралас ОМ) ІІІ орын - 45кг
6.Жамбыргазина Аружан (Көбейінді қазақ мектеп гимназиясы)-ІІІ орын 55кг
- Сайлаубай Ұлықбек (Көбейінді қазақ мектеп гимназиясы)-ІІІ орын 32кг
8.Толешов Нуржан (Ақши ЖББОМ) жастар арасында ІІІ орын – 65 кг
Лицензия алған жүлдегерлеріміз бен жеңімпаздарымыз 15-19 наурыз аралығында Алматы облысында өтетін Республика Чемпионатына қатысатын болады.
Республика Чемпионатында сәттілік тілейміз!!!