2021 жылғы 2 қарашада мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Онлайн жәрмеңке» өтті

2 ноября 2021 года состоялась «Онлайн ярмарка» по вопросам оказания государственных услуг

2021 жылғы 2 қарашада сағат 16:00-де (Нұр-Сұлтан қ.уақыты бойынша) Аягөз ауданы әкімдігінің Фейсбук ресми парақшасында халықты тіркеу, денсаулық сақтау және қорғаныс саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша «Онлайн жәрмеңке» өтті.
Жәрмеңке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Қатысқан мамандар әрбір көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап берді.