Хабарландыру

Хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Үздік педагог» атағын беру туралы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығы негізінде:
«Үздік педагог» конкурсын өткізеді.
Конкурс 2021 жылдың 23 сәуір күні сағат 16-00 де «Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде төменде көрсетілген тәртіп бойынша өткізіледі.
Өтінім мен конкурс құжаттары «Аягөз ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің bilim@ayagoz-roo.kz электрондық поштасына 2021 жылдың 20 сәуіріне дейін қабылданады.
Конкурс туралы қысқаша мәлімет:
1) Конкурс үш кезеңде өткізіледі: І кезең – аудандық; Жыл сайын сәуір айында өткізіледі. Ауданның әрбір білім беру мекемелерінен бір мұғалім ұсынылады.
2) ІІ кезең – облыстық, ауданнан шыққан жеңімпаз басқа аудан үздіктерімен сайысатын кезең. Жыл сайын мамыр айында өткізіледі.
Жеңімпазға жергілікті атқарушы органнан айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.
3) ІІІ кезең – республикалық; Облыс жеңімпаздары басқа облыс жеңімпаздарымен сайысып, жылдың «Үздік педагогы» атанатын кезең; Жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі.
«Үздік педагог» иегеріне «Педагог мәртебесі туралы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы ҚР Заңының 9-тармағының 5-тармағымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде сыйақы төленеді.
4) Конкурстың аудандық кезеңі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген қағидалар бойынша өтіледі.
5) Конкурсқа қабылданатын материалдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген Ереже негізінде қабылданады.