Ауданның мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған мерекелік кездесу өтті

2021 жылдың 1 наурызында аудандық «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» мәдениет үйінде Алғыс айту күніне арналған мерекелік кездесу өтті. Мереке қонақтары Құрмет орденінің иегері, Қазақстан Республикасының білім саласының құрметті қызметкері, Ы. Алтынсарин медалінің иегері Қасымжанов Айтқазы Оразбекұлымен Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, мәдениет үйінің еңбек ардагері, жезтаңдай әнші апамыз Шегенбаева Амантай Хасенқызы болды. Кездесу жүргізушілері қонақтарға әртүрлі сұрақтар қойып, өз еңбектерімен аудандық мәдениет пен білім салаларының дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Студияның қонақтарына және бүкіл көрермендерге арнап мәдениет үйінің әншілері халық әндері мен қазақ композиторларының әндерін орындады.
Қызмет бағыты