«Көне аспаптар сөйлейді» атты танымдық сағат

2021 жылы 25 қаңтарда аудандық мәдениет үйінде «Көне аспаптар сөйлейді» атты танымдық сағат өтті. Халық аспаптары оркестрінің музыканты сыбызғышы Аманкелді Чаев қазақтың ежелгі әр аспабының тарихын әңгімелеп берді және оркестрдің музыканттары сыбызғы, шертер, қобыз, жетіген және домбыра сияқты аспаптардың дыбысы мен әсемдігін айқын көрсетті. Әр музыкант өзінің аспабында күйлердің үзінділерін орындап шықты.