Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Аудандағы құтыру індеті бойынша эпизоотиялық ахуал туралы

Қазіргі уақытта Аягөз ауданы бойынша  2026 жылдың 01 қаңтарына 109 000 бас ірі қара мал, 195 000 бас  ұсақ мал,   81 000 бас жылқы тіркелген.

Құтыру ауруы бойынша аудан аумағында ірі қара малдан  11 бас, ұсақ малдан 9 бас, түлкіден 1 бас анықталып, аудан бойынша құтыру ауруының               9  ошағы тіркелді.Атап айтқанда,

Майлин ауылдық округінде 3 ошақ (Амантай шаруа қожалығы, Мұрагер шаруа қожалығы, Наркен шаруа қожалығы);

Қарағаш ауылдық округінде 2 ошақ (Бастау шаруа қожалығы, Қаражал елді мекенінде жеке тұлға Ешенгазин.);

Аягөз қаласы 2 ошақ  27 разъездде (жеке тұлға К.Жакишев) және Момышулы көшесі  100 б  мекен-жайында (жеке тұлға Р.Магзумова);

Малгелді ауылдық округінде 1 ошақ. (Ернайман шаруа қожалығы);

Нарын ауылдық округінде 1 ошақ  (Төленді қыстағы);

2026 жылдың 29 қаңтарында Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласына қарасты, 27 – ші айрық аумағындағы 112 бас ұсақ мал, 13 бас жылқы, 14 бас ұсақ малы, 1 бас ит және 3 мысықты жаппай құтыру ауруына қарсы егіп, ошақ шыққан 50 шаршы метр қора жайларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген болатын.

2026 жылдың 05 наурызында Абай облысы, Аягөз ауданы, Майлин ауылдық округіне қарасты Топар қыстағының аумағындағы «Амантай», «Әділ», «Диас» және «Дархан» шаруа қожалықтарының  369 бас ірі қара малға, 5 бас жылқыға, 1143 бас ұсақ малға,   4 бас ит және 6 мысықты жаппай құтыру ауруына қарсы егіп, ошақ шыққан қора жайларға, жалпы 1645 шаршы метр залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Қарағаш ауылдық округіне қарасты «Басту» шаруа қожалығының ошақ шыққан қора жайларына, жалпы 1900 шаршы метр залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Мал иесінің өтініші бойынша өз қаражатынан 91 бас ірі қара малдары, 20 бас жылқы малы, 101 бас ұсақ мүйізді малы, 2 ит және 1 мысық құтыру ауруына қарсы толықтай егілген болатын.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Майлин ауылдық округіне қарасты «Мұрагер» шаруа қожалығының  29 бас ірі қара малға, 1 бас жылқыға,  1 бас ит және 1 мысықты жаппай құтыру ауруына қарсы егіп, ошақ шыққан қора жайларға, жалпы 700 шаршы метр залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Абай облысы, Аягөз ауданы, Малкелді ауылдық округіне қарасты «Ер Найман» шаруа қожалығының ошақ шыққан қора жайларына, жалпы 1645 шаршы метр залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Мал иесінің өтініші бойынша өз қаражатынан 212 бас ірі қара малдары, 2 бас жылқы малы, 2 ит құтыру ауруына қарсы толықтай егілген болатын.

Шектеу іс шаралары кезінде Төленді қыстағының «Қуанбай», «Зере», «Әдлет-2», «Қанатбек-Т», «Қабанбай» ш/қ иелері өз қаражаттарына құтыру ауруының вакцинасын алдырып жалпы 324 бас ірі қара мал , 795 бас ұсақ мал , 11 бас иттер толықтай егіліп, жалпы 1645 шаршы метр кв аумаққа дезинфекциялық жұмыстары жүргізілді.

2026 жылдың 20 сәуірінде Абай облысы, Аягөз ауданы, Ақшәулі ауылдық округінің  1280 бас ұсақ мал , 1072 бас ірі қара мал  жаппай құтыру ауруына қарсы егіп, ошақ шыққан қора жайларға, жалпы 264 шаршы метр залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда, ауыл шаруашылық жануарлары құтыру ауруына қарсы ошақтар зарарсыздандырылып, шектеу іс-шаралары тоқтатылды.

Сонымен қатар, Абай облысы, Аягөз ауданы бойынша құтыру ауруына күмәнді деп 34 (отыз төрт) потологиялық материал зерттелуге жіберілген. Оның ішінде: ірі қара мал – 17 бас, ұсақ мал  – 11 бас, түлкі 1 бас және қасқыр 1 бас.

Биылғы жылы республикалық бюджеттен есебінен  ауыл шаруашылық жануарларына  вакцина егу жұмыстары тегін жүргізілетін аса қауіпті жұқпалы ауруларға ( құтыру, аусыл, нодулярлық дерматит,  сібір жарасы, туберкулез,   маңқа (сап)) қарсы іс-шаралар жоспары жасалып, жоспарға сәйкес ветеринариялық жұмыстар жүргізілуде.

2026  жылдың 6  айында   ауыл шаруашылық малдарын жұқпалы ауруларға қарсы егу   жұмыстары  100 % орындалды.    

Құтыру ауруына қарсы 2000 бас ірі қара малдары егіліп, жабайы аңдарға құтыру ауруына қарсы 8000 доза қарма жемдер, орман шаруашылығы мамандарының қатысуымен бірге, жабайы аңдардың жүретін жерлері анықталып, сол жерлерге шашылды.

      Жыл басынан аудан бойынша барлығы 413  қаңғыбас иттер мен  22 мысықтардың көздері жойылды.

          Сонымен қатар, аудан тұрғындары арасында инстаграмм  және   жергілікті «Мөлдір Сана»  газетіне «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы,    ауыл шаруашылық және үй жануарларын құтыру ауруына қарсы алдын алу шаралары бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу туралы түсіндірме мақалалар  жарияланған.

Елді мекендерде ветеринариялық мамандар тарапынан халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, үй жануарларын уақытылы вакцинациялаудың маңыздылығы түсіндірілуде. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу бағытындағы жұмыстар да тиісті мекемелермен бірлесіп жүзеге асырылуда.

Алдағы уақытта да аудан аумағындағы эпизоотиялық ахуалды тұрақты бақылауда ұстап, құтыру ауруының алдын алу бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толық көлемде жалғастырылатын болады.

Документы
Ақпарат
11 сентября 2026
«Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Аудандағы құтыру індеті бойынша эпизоотиялық ахуал туралы
Ақпарат
13 июля 2026
«Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Аягөз ауданы бойынша пайдаланбайтын және тиімсіз пайдаланатын жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Қаулы
11 июля 2025
2025 жылға ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Аудандағы құтыру індеті бойынша эпизоотиялық ахуал туралы
Хабарландыру
Хабарландыру
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
«Аягөз ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» ММ
Часто задаваемые вопросы
Мал шаруашылығы өнімінің қандай түрлерін өндіру үшін өндіруге субсидия төленеді?

- бұқашықтарды бордақылау алаңдарына өткізгендері үшін;

- тауарлы сүт фермалар сүт өндіргені үшін;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері халықтан сүт жинағаны үшін;

- өндірілген құс етіне

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы