Аягөз ауданының жалпы көлемі: 4 958 803,0 га, оның ішінде: 487 637,0 га елді мекен жерлері, 1 879 610,1 га ауыл шаруашылық жерлері, 2 537 231,8 га бос жер учаскелері, (мал ұстауға қолайсыз және елді мекеннен алыс орналасқан жер учаскелері), 54 324,0 га бөгде жер учаскелері.
1 879 610,1 га оның ішінде: 48 716,0 га шабындық, 1 789 106,1 га жайылымдық, 24 072,0 га егістік, 17 716,0 га бөгде жер учаскелері.
ІІ. 2026 жылы пайдаланбай жатқан жер учаскелері бойынша атқаратын жұмыстар.
Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі Аягөз ауданы бойынша 2026 жылға арналған жоспар бойынша 13 500,0 га жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару берілді.
Қазіргі таңда 3 жер учаскесі жалпы көлемі 1227,0 га, оның ішінде: 1 114.0 га егістік, 113,0 га жайылымдық жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Жер учаскелерін қайтарған ауылдық округтер: Ақшатау 113 гектар, Майлин 48 га, Тарлаулы 1066 га.
Қазіргі кезде жер учаскелерін мал басына сәйкестігі бойынша мониторинг жүргізіліп, «ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдаланбай отырған келесі жер пайдаланушыларға қатысты Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 147-бабына сәйкес тексерістер жүргізіп, тиісті шаралар қабылдау үшін төмендегідей жалпы көлемі 12 270,0 га құрайтын 23 жер учаскелері жолданды.
Аталған жоспарды орындау бойынша Аягөз ауданы көлемінде мал басы саны тіркелмеген шаруа қожалықтары анықталып, «ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сіне жолданды. Алдағы уақытта тексеріс нәтижелері күтілуде.
«Ауыл шаруашылығы техникаларының паркін жаңарту жұмыстары туралы ақпарат»
Аягөз ауданында (ГРСТ) (АТМТ) ауыл шаруашылық техникаларын мемлекеттік тіркеу жүйесі бойынша 879 бірлік дөңгелекті трактор, 3 комбайн тіркелген. Тракторлардың 75 пайызы шыққан жылдарын қоса есептегенде 30-40 жылдан асқан. 2021-2025 жылдар аралығында жаңадан 208 трактор алынған. Тракторлардың жаңару қарқыны 25 пайызды құрайды. Жыл сайынғы техникалық байқау жүргізілген мезгілде ескі тракторларды (жарамсыз) тіркеуден шығару мәселелері айтылады. Бірақ та техника иелері ескі болса 2-3 ай пайдаланатынын айтып, жаңа тракторлар алуға мүмкіндіктері жоқ екендігін алға тартады. Тракторларды тіркеуден шығару меншік иелерінің өтініші арқылы жүзеге асырылады. Және де ол мемлекеттік қызметтер қатарына жатады.
2025 жылы 67 шаруа қожалықтары, 71 бірлік трактор, 34 бірлік тіркемелер алды, қаржысы 1 млрд 175 млн. 626 мың теңгені құрайды.
Ауыл шаруашылығы техника паркін жаңарту мақсатында, аудан бойынша 229 бірлік тракторларды есептен шығарып, 70 бірлік трактор жңадан алу туралы жоспар тапсырма 2026 жылға құрылды. Слайдтағы кестеде (ауыл шаруашылығы (ГРСТ) тіркеу базасынан алынған ақпаратқа сәйкес) жоспар тапсырма ауылдық округтер бөлінісінде көрсетіле отырып, округ әкімдеріне әр ай сайын ақпарат беру туралы хаттамалық тапсырма берілген болатын. Алайда бүгінгі күнге техника паркін жаңарту бойынша ауылдар ақпарат ұсынбады. Сонымен қатар «КазАгроҚаржы» АҚ-ның лизинг бағдарламаларының жұмыстары наурыз айында ғана басталды. Сол себепті шаруа қожалықтар ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін құжаттарын енді ғана рәсімдеуде.