Ақсуат ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің функционалдық міндеттері
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларын, «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын, Қазақстан Республикасының заңдарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму жөніндегі мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды, мемлекеттің ішкі саясатындағы басым бағыттарды насихаттау және түсіндіруді жүзеге асыру. Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясаттың іске асуын қамтамасыз ету.
Аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырыстарының іске асырылуын қадағалау. Ақпараттық-насихат жұмыстарын ұйымдастыру. Ақпараттық-насихаттық топтардың жұмыстары бойынша есеп дайындау. Ақпараттық-насихаттық топтардың мүшелерін әдістемеліктермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қарым-қатынас іс-қимыл жасау және оның жұмысын үйлестіру. Жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен мақсатты іс шараларды дайындау және өткізу. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы деректер базасын құру және оны оперативті режимде ұстау. Бұқаралық ақпарат құралдарына контент-талдауды дайындау.
Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру, «Ақсуат ауданының Құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі комиссия жұмысын үйлестіру.
Өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына ұйымдастыру-тәжірибелік, әдістемелік, консультативтік, ақпараттық қолдау көрсету. Мемлекеттік билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты үйлестіру. Қоғамдық-саяси жоспарлауды ұйымдастыру.
Аймақта ішкі саяси мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың стратегиялық, жедел, оперативті және арнайы жоспарланған жұмыстарын жүзеге асыру, ішкі саясат саласында бірыңғай аймақтық жоспарлардың жүзеге асуына талдау жасау. Ішкі саяси үрдістерді, қоғамдық пікір жағдайын, сайлаушылар көңіл-күйін жан-жақты зерттеу және талдау. Қоғамдық саяси жағдайды болжау. Маңызды саяси оқиғалар, әлеуметтік ширығу ошақтары туралы басшылыққа дер кезінде хабарлау. Саяси партиялар, кәсіподақтар және қоғамдық ұйымдармен жұмыс. Өңірдегі діни ахуалға талдау және мониторинг жасау.
Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу. Конфессияаралық келісім мен діни экстремизм мен терроризмге қарсы бағытталған ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-насихат топтарының жұмысын үйлестіру, медиа-жоспарды жүзеге асыру, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау. Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық кеңестің қызметін қамтамасыз ету, аудандық әкімдіктің жанындағы кеңестің жұмысын үйлестіру, әдістемелік құралдарды әзірлеу. Дін саласының өзекті мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер ұйымдастыру. Аудандағы діни ахуал жөніндегі тоқсандық, жылдық есептер мен ақпараттарды әзірлеу. Исламдық діни бірлестіктермен және филиалдармен қарым-қатынас орнату.
Құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде ұсыныстар енгізу. Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Ғибадат үйлерiн (ғимараттарын) салу туралы, олардың орналасатын жерiн айқындау. Дiни бiрлестiктердi құруға бастамашы азаматтардың тiзiмдерiне тексеру жүргiзудi қамтамасыз ету. Рухани (діни) білім беру мекемелерінің қызметіне зерделеу және талдау жасау, әдістемелік құралдарды әзірлеу.
Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың аудандық бағдарламасы бойынша жұмыс.Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша маңызды бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге, оны жобалық сараптамадан өткізуге, аудан әкімінің шешім, өкімдерін, әкімдік қаулыларын дайындауға қатысу.
Мәдениет үйлері мен клубтардың, кітапханалардың жұмыстарын үйлестіреді. «Мәдени мұра», «Тілдерді дамыту мен қолдану бағытындағы бағдарламалардың» жүзеге асуын қамтамасыз етеді.Шығармашылық жұмыстар ұйымдастырып, ережелер дайындайды. Тренингтер, семинарлар өткізеді. Барлық ауылдық округтері бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілуін бағалау шараларын әзірлеп, ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлерінің құқықтық білімін көтеру сабағын үйлестіреді. Мәдениет мекемелерінің тоқсандық, жылдық есептерін тиісті құзырлы орындарға тапсырады. Жас таланттарды анықтау, тәрбиелеу бағытында жұмыстар жүргізеді. Баспасөз құралдарымен байланыс жасап, жастар арасында ұлттық рухқа, Қазақстандық патриотизм үлгілеріне толы мәдени шаралар ұйымдастырады. Аудандық әртістердің концертпен шығуларын ұйымдастырады, мәдениет және тілдерді дамыту мәселесі жөніндегі азаматтардың өтініш, арыз-шағымдарын қарайды және мерзімінде жауап беру жұмыстарын жүргізеді. Аттестациядан өтетін, біліктілігін арттыратын мәдениет қызметкерлерін анықтап, өтуін ұйымдастырады.
Тілдерді дамыту саласында аудандық бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асырады. Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырады, ережелер жасап, мәдениет саласының рейтингілік есептерін жүргізеді. Хабарламалар, баяндамалар даярлайды. Мәдениет мекемелерінің айлық, тоқсандық, жылдық жоспарларының жасалуын, оның жүзеге асуын қадағалайды, есептерін қабылдайды. Облыстық және басқа іс-шараларға ауданның өкілдерін қатыстыруға дайындайды. Ономастика бойынша жұмыстарды жүргізеді. Облыстық деңгейдегі өтетін байқауларға таланттардың қатысуын үйлестіреді. Нормативтік - құқықтық заңдылықтарға сай бұйрықтардың, аудан әкімдігінің қаулысы, өкім, шешімдердің жобасын дайындайды. Кадрлар жөнінде жұмыстарды жүргізеді. Қызметкерлердің іс-құжаттарын, іс-жүргізу жұмыстарын қолданыстағы заңдылықтарға сай жүруін қамтамасыз етеді. Облыстық басқармаларға айлық, тоқсандық, жылдық есептер береді. Аудандық конкурстарды өткізеді..
АХАТ бойынша сұрақтармен азаматтарды жеке қабылдау, акт жазуларын тексеру, салық органдарына тапсыратын есептерді жасау. ШҚО Әділет департаментінің облыстық АХАТ бөлімінен келіп түскен сұраныстарға жауап беру. АХАТ бойынша жұмыс жоспары, іс-шараларын өткізу, азаматтық хал актілерін тіркеу сұрақтары бойынша ұйымдардың сұраныс хаттарын, азаматтық өтініштерін уақытында және сапалы орындалуын бақылау, салт дәстүрлердің, рәсімдердің салтанатты жүргізуін ұйымдастыру, салтанатты түрде неке қиюды, тууды және басқа да рәсімдерді жүргізу, пошта арқылы мәлімет үшін келіп түскен сот шешімдерімен жұмыс жасау (неке бұзу туралы сот шешімі, бала/қыз/асырап алу туралы сот шешімі, қайтыс болу туралы сот шешімі, ата-ана құқұғынан айыру туралы сот шешімі, заңдылық фактіні белгілеу туралы сот шешімі), азаматтық хал актілері туралы айлық есепті дайындау, 97, 97 қосымшасы, 23, 22 қосымшасы бойынша, азаматтық хал актілері туралы квартал, жылдық 97, 97 қосымшасы, 23, 22 қосымшасы бойынша, ақпарат дайындау. Азаматтардың сұрақтарын орындау, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың сұраныстарын орындау, ай сайын қайтыс болған азаматтардың тізімін жасау (көш-қоң полиция, зейнетақы төлеу орталығы, қорғаныс істер бөліміне, жеке куәліктер тізімі), пошта арқылы басқа АХАТ бөлімдерін келіп түскен кіріс кореспонденциясымен жұмыс жасау (қайталама туу туралы, қайтыс болу туралы, неке қию туралы, неке бұзу туралы, әке тану туралы, бала/қыз/асырап алу туралы, тегін, аты-жөні туралы), ХҚКО-нан келіп түскен қайталама куәліктерді тіркеу (туу туралы, қайтыс болу туралы, неке қию туралы, неке бұзу туралы, әке тану туралы, бала/қыз/асырап алу туралы, тегін, аты-жөні туралы), ХҚКО-нан келіп түскен анықтамаларды тіркеу (туу туралы, қайтыс болу туралы, неке қию туралы, неке бұзу туралы, әке тану туралы, бала/қыз/асырап алу туралы, тегін, аты-жөні туралы, форма № 4), корреспонденциялардың жіберуін қамтамасыз ету, мұрағат қорына тізімдеме жүргізу.
ҚР «Дене шынықтыру және спорт» Заңының, туризм, дене шынықтыру мәселелері бойынша және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау.2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді(01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.Перспективалық және ағымдағы жұмыстарды жоспарлау, жүзеге асыруына ықпал ете білу, саланың мақсатты және кешенді бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосу. Аудандағы спорт мекемелерінің балалар мен спорт мектептерінің жұмыстарын үйлестіре отырып жұмыстар жүргізеді. Спорттық жарыстарының, спорт шараларың жоспарын әзірлейді, дайындап өткізеді. Жарыстарды өткізу үшін оның ережелері мен қағидаларын дайындап өткізеді. Әдістемелік-методикалық нұскау береді. Бөлімнің ақпараттық талдау материалдарын әзірлейді, бұқаралық ақпарат құралдарымен және ауылдық округ әкімдерімен тығыз байланыста болып облысқа ақпарат жібереді.Бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған спорттық заттар мен құралдарын, киімдерін бөлуді және оларды сақтауға, тасымалдауға (жеткізуіне) және пайдалануға бақылау жасайды. Бекітілген жоспарға сәйкес іс-шаралардың заңды және жеке тұлғалармен жоспарының орындалуын ұйымдастырады және ұсынады.