GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Все материалы
30 мая 2024
" Таза Қазақстан " акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
29 февраля 2024
Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуға бейімделу бойынша ұсыныстар

Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысуға бейімделу бойынша ұсыныстар

 
29 февраля 2024
Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 95%-ға жетті
🔹Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 95%-ға жетті
2024 жылғы ақпан айының соңындағы деректерге сәйкес республика бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттарының саны 4 млн 494 мыңды немесе 95% құрады. Өңірлер бөлінісінде бұл көрсеткіш 90%-дан 100%-ға дейін өзгереді.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
29 февраля 2024
Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді: рейске кешігіп қалмау үшін не істеу қажет
🔹Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді: рейске кешігіп қалмау үшін не істеу қажет
Көлік министрлігі авиациялық және теміржол әкімшіліктерімен, тасымалдаушылармен, әуежайлармен және вокзалдармен бірлесіп барлық қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді. 1 наурыздан бастап барлық жолаушылар пойызы бір уақыт белдеуімен жөнелтіледі.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
29 февраля 2024
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: Цифрлық даму министрлігі бірқатар нұсқаулық ұсынды
🔹Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: Цифрлық даму министрлігі бірқатар нұсқаулық ұсынды
2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан басқа барлық аймақтар бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Осы іс-шараны жүзеге асыру мақсатында бірқатар шаралар қабылданды.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
29 февраля 2024
Абай облысы: «Ауыл аманаты» жобасы аясында 538 жаңа жұмыс орны құрылады

🔹Абай облысы: «Ауыл аманаты» жобасы аясында 538 жаңа жұмыс орны құрылады

2024 жылға арналған жобалардың әлеуетті пулын қалыптастыру шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін анықтау үшін 327 елді мекенде 135 ауылдық округ бойынша 8 ауданда сауалнамаларға сәйкес скрининг жүргізілді.

Толығырақ ortcom.kz сайтында

29 февраля 2024
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
Президент Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады
Дархан Жазықбай:
✅Агенттіктің былтырғы атқарған жұмысының есебі мен алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды;
✅мансаптық және позициялық модель элементтерінен тұратын мемлекеттік қызметтің гибридті моделін қалыптастыру жұмыстары туралы баяндады;
✅ашық мемлекеттік аппарат құру, атап айтқанда, жеке сектордан білікті мамандарды тарту және жоғары оқу орындарын үздік бітірген түлектерді төменгі лауазымдарға конкурс өткізбей-ақ тағайындау шаралары жөнінде мәлімет берді;
✅e-Qyzmet жүйесі бойынша мемлекеттік қызметке іріктеу жөніндегі пилоттық жобаның қорытындысын таныстырды. Соның нәтижесінде бос лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысушылар саны 2,7 есе артқан:
🔻биыл e-Qyzmet іріктеу жүйесін барлық мемлекеттік органға кезең-кезеңімен енгізу жұмыстары басталған.
✅Агенттіктің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және басқару жүйесін бюрократиядан арылту салаларына қатысты жұмыстары туралы ақпарат берді.
29 февраля 2024
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады
Дмитрий Малаховтың баяндамасынан:
🔻қылмыстық жолмен түскен кірістерді жылыстатуға қарсы күрес саласында 5,7 мыңнан астам тұтынушымен іскерлік қарым-қатынас тоқтатылған;
🔻криптовалюта айырбастайтын 1,5 мыңнан аса заңсыз онлайн-сервис анықталып, бұғатталған;
🔻49 заңсыз майнер әшкереленген. Қазір оларға қатысты тексеру жұмысы жүргізіліп жатыр;
🔻террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаржы аударуға қатысты 1,2 мың әрекет анықталып, оларға шектеу қойылған.
🔻41 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 4,6 миллиард теңге қайтарылған;
🔻алаяқтық белгілері бар 8 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталып, 4,8 мың онлайн-казино сайтының қызметі тоқтатылған;
🔻екінші деңгейлі банктермен және қаржы реттеушілерімен бірлесіп, 21 жасқа толмаған азаматтардың букмекерлік кеңселерге төлем жасау мүмкіндігін автоматты түрде шектеу тетігі енгізіліп жатыр;
🔻74 миллиард теңге көлемінде негізсіз бюджет шығындарының алдын алып, заңсыз
29 февраля 2024
🔹Дүниежүзілік банк өкілдері еліміздің әлеуметтік саласындағы қызметтерді цифрландыру деңгейін жоғары бағалады
🔹Дүниежүзілік банк өкілдері еліміздің әлеуметтік саласындағы қызметтерді цифрландыру деңгейін жоғары бағалады
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті. Вице-премьер әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамыту ісінде әдістемелік, техникалық тұрғыда бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Толығырақ ortcom.kz сайтында
29 февраля 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
🇰🇿🇭🇺Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Тамаш Шуйокты Мажарстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады.
– Сіздің орасан зор саяси тәжірибеңіз бен алға қойған тың жоспарларыңыз еліңіздің болашағын жарқын етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеуде мызғымас негіз болатынына нық сенімдімін. Тамыры тереңнен бастау алатын Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында өзіңізбен бірлесе күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы Мажарстан Президентінің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас мажар халқына құт-береке тіледі.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы