Жалпы ақпарат

Шидеров Д.Е
Шидеров Дулат Ешенович

Көкжыра ауылдык округі әкімі

Әкімдік туралы

Көкжыра ауылдық округінде 5 елді мекен орналасқан. Онда 512 аула 2470 адам тұрады. Ауылдық округтің жер көлемі 201100 гектар. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер көлемі-197600 гектар. Оның ішінде: егістік –2800 га, шабындық – 4000 га, жайылымдық – 190800 га жерді құрайды.

Округ аумағында орта мектеп,  бастауыш мектеп,  мектеп жанындағы интернат, 2 бала - бақша,  мәдениет үйі, мешіт, емхана, 4 фельдшерлік пункт,  кітапхана,  казпочта бөлімшесі, ветеринарлық пункт,                 1 өндірістік кооператив -138 адам жұмыс істейді, АӨК-3, ЖҚС-1, 50 шаруа қожалығы-онда жұмыс істейтіндер- 58 адам, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,       9 азық-түлік дүкені, 1 әмбебап дүкені, 1-қоғамдық монша,2-аптека, 1-тойхана, 1 кафе-70 орындық жұмыс істеуде. Шаруа қожалықтарында 20 – трактор, қосалқы бөлшектерімен бар, ауыл тұрғындарында15 - трактор,      бар.                         

Ауылдық округ аумағы бойынша желтоқсан айына 15400- бас ірі – қара,  41300- бас қой – ешкі, 4300 - бас жылқы малдары және 1760 бас құс тіркелді.

 

 

 

Қызмет бағыты