«Астық 2025» - ірі астық конференциясы

2025 жылғы 31 шілдеде Қазақстанда ең ауқымды астық конференциясы — «Астық 2025» өтеді.
Қазақстанда алғаш рет жаңа 2025/26 астық маусымының қарсаңында еліміздің ең ірі астық конференциясы — «Астық 2025» өтеді.
Іс-шараға 500-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, агротехнологиялар мен техника, жабдықтар жеткізушілері қатысады.
Конференция «Қазақстандық Дала күні — Jańa Dala / Qarqyn ‘2025» халықаралық ауыл шаруашылығы көрме-демонстрациясы аясында өтеді.
Өтетін орны — Қостанай қаласынан 65 км жерде орналасқан «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптары (Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Степановка ауылы).
Бұл жолы іс-шара алғаш рет далалық жағдайда ұйымдастырылады — қатысушылар үшін арнайы конференц-павильон мен тамақтану аймақтары қарастырылған.
Қатысушылар астық өндірісінің нағыз атмосферасын сезініп, тек сауда трендтері туралы ғана емес, сонымен қатар астық пен оның өңделген өнімдерінің өндірісі мен саудасындағы әлемдік тәжірибе туралы пікір алмасады.
Өткізу орны: Қостанай қаласынан 65 км жерде орналасқан «Восток-1» ЖШС және «Агрофирма Қарқын» ЖШС демонстрациялық алқаптары (Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Степановка ауылы)