Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруКөрсетілетін қызметті алушы порталға толық құны бойынша сатып алынған тыңайтқыштар үшін субсидия алуға арналған өтінімді Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе тыңайтқышты отандық тыңайтқыштарды өндірушіден арзандатылған құны бойынша сатып алған жағдайда, тиесілі субсидияларды төлеу туралы өтпелі өтінімді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының СМАЖ-дағы "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе өтінімнің (өтпелі өтінімнің) қабылданғанын растау болып табылады.
Өтініш беруші/қарыз алушы/қаржыландырылатын жоба Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарымен белгіленген талаптарға, оның ішінде келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
- кемінде 3 (үш) жыл қызмет тәжірибесінің болуы, жоғарыда аталған тәжірибесі болмаған жағдайда, облыс әкімдігі жанындағы үйлестіру кеңесінің қолдаухаты/ауыл шаруашылығы жөніндегі мәселелерге жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлғаның немесе оның міндетін атқарушының қолы қойылған жазбаша қолдаухаты болған жағдайда қаржылындыру мүмкін болады;
- меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуы (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды);
- кредиттеу көлемі ағымдағы жылдың көктемгі дала және егін жинау жұмыстарына берілген кредит қаражаттарының көлемі ескеріле отырып, мәлімделген егіс алаңының 1 (бір) гектарына көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын шығындар нормативі негізінде айқындалады;
- дақылдар бөлінісінде соңғы 3 (үш) жылдағы нақты тұқым себілген алқаптар мен өнім шығымдылығы туралы мәліметтерді растау. Бұл мәліметтер болмаған жағдайда, аудан бойынша өнім шығымдылғы туралы мәліметтерді қолдану қажет;
- меншігінде немесе ұзақ мерзімде жалдауда егіс алаңдарының болуын растайтын құжаттарды ұсыну (қайта өңдеу кәсіпорындарына қолданылмайды);
- кредиттік қаражаттардың пайдаланылуы айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда, тек қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады;
- ЕДБ-те немесе Ұлттық пошта операторында қарыз сомасы аударылатын және қарыз қаражаттарын жұмсау жүзеге асырылатын есеп шот ашу/болуы, айналым қаражаттарын толықтыру (көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін) мақсаттарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша берілген орны толтырылатын қарыздарды қоспағанда.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын, жыныстық жағынан жетілген бас (ірі қара мал шаруашылығы бойынша: асыл тұқымды жануарлар - 13 айдан бастап, тауарлық жануарлар - 18 айдан бастап, жылқы шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, түйе шаруашылығы бойынша - 36 айдан бастап, қой шаруашылығы бойынша - 12 айдан бастап, марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) бойынша - 24 айдан бастап, шошқа шаруашылығы бойынша: тауарлы және асыл тұқымды - 8 айдан бастап, толықтыратын бас – 4 айдан бастап);