2025 жылғы 20 қаңтардан бастап мал шаруашылығын субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталады

2025 жылғы 20 қаңтардан бастап мал шаруашылығын субсидиялауға өтінімдерді қабылдау басталады

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің назарына!

2025 жылғы 20 қаңтардан бастап мал шаруашылығын субсидиялауға келесі бағыттар бойынша өтінімдерді қабылдау басталады:

- ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізу;

- етті және етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды өндіруші бұқаны сатып алу;

- етті және сүтті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын сатып алу;

- бордақылау алаңдарына бордақылауға өткізілген еркек дарағының ірі қара малдың құнын арзандату;

-сүтті және сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды бұқаның бір жынысты және қос жынысты тұқымын сатып алу;

- сүт өндіру құнын арзандату;

- ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапандарды сатып алу;

- тауық етін өндіру құнын арзандату;

- асыл тұқымды қойларды, қошқарларды сатып алу;

- шошқалардың асыл тұқымды және тауарлық аналық және жөндеу мал басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу.

Тауар өндірушілерге қойылатын өлшемшарттармен, сондай-ақ нормативтермен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында танысуға болады.

Қызмет бағыты