Мақаншы ауданындағы ауыл шаруашылығы: даму ерекшеліктері мен перспективалары

Мақаншы ауданы облыс көлеміндегі ауылшаруашылық бағытындағы аудандардың бірі. Ауыл шаруашылығы саласының негізін егін шаруашылығы және мал шаруашылығы құрайды. Қазіргі таңда жалпы аудан көлемінде 939 шаруа қожалықтары және ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Шаруа қожалықтың 263 егін шаруашылығымен, 367 мал шаруашылығымен және де 309 қожалық аралас саламен айналысады.
Бұл өңірдің ауыл шаруашығының ерекшілігінің бірі омарта шаруашылығы болып табылады. Ара шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерде жалпы 4 339 дана ара ұялары бар, орта есеппен жылына 215 тонна бал өндірілуде.
Ауыл шаруашылығы бойынша ауданда жалпы өндірген өнім көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 15,5 млрд. теңгеге жетіп, соның ішінде, мал шаруашылығы саласында 11,2 млрд. теңге және өсімдік шаруашылығында 4,4 млрд. теңгені құрады.
Бүгінде аумақтың егістік алқабы 64 мың га, оның ішінде 46,1 мың га дәнді дақылдар, 19,8 мың га майлы дақылдар (күнбағыс - 16 мың га, соя - 0,7 мың га, зығыр – 0,4 мың га),0,2 мың га картоп, 0,7 мың га көкөністер мен бақша дақылдары және 1,4 мың мал азығы дақылдары алады.
Ауыл шаруашылығы саласындағы әсіресе мал шаруашылығында оң нәтижелер байқалуда. Қазіргі таңда өңірде 74 мың ірі қара мал басы, оның ішінде сауын сиырлар – 29 мың бас, 155 мың ұсақ мүйізді мал, 22 мың жылқы басы мен 45 мың бас үй құстары бар.
Сойылып сатылған ет көлемі – 4,9 мың тоннаны құрап, 5,8 %-ға, сауылған сиыр сүті – 17,5 мың тоннаны құрап, 0,9 %-ға өсім көрсетсе, жұмыртқа – 4,3 млн дананы құрады.
Сонымен қатар, 750 бас ірі қара малына арналған 3 мал бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда. Және де 2 мал сою пункттері, 1 мал сою алаңдары халыққа қызмет көрсетуде.
Мал өнімділігі мен өсімділігін, сапалығын арттыруда асыл тұқымды мал аса маңыздылыққа ие. Өңірде асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен 213 шаруа қожалық, ал асыл тұқымды қой шаруашылығымен 43 шаруа қожалық айналысады, олардағы асыл тұқымды ірі қара мал саны 26,5 бас (аналық мал 8,5%), асыл тұқымды қойдың саны 6,8 мың бас (аналық қой 54,4%) құрайды.
Бүгінгі күнге облыс көлемінде ауыл шаруашылығы құрылымдары егістікте суды үнемдеу технологиясына үлкен мән беруде. Ауданның «Бәкей» шаруа қожалығы 80 га жүгері алқабын тамшылап суғару әдісімен, су үнемдеу тәсілі енгізілді.