2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау жалғасуда

2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға "Кең дала 2" бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау жалғасуда

📣 Құрметті клиенттер! Біз 2025 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдауды жалғастырамыз! Қазақстанның барлық облысындағы біздің филиалдарымыздың есігі сіздер үшін ашық!

🔍Бағдарлама шарттары

📍 Қаржыландыру жолдары:
✔️ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалдары;
✔️ Несие серіктестіктері;
✔️ Екінші деңгейлі банктер;
✔️ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;
✔️ Микроқаржы ұйымдары;
✔️Өңірлік инвестициялақ орталықтар.

🖋️ Нысаналы мақсаты
✔️ Айналым қаражатын толықтыруға несие беру (2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін);
✔️ АӨК субъектілерін қаржыландыру үшін өсімдік шаруашылығы өнімдерін сатып алуға аванс беру арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражатын толықтыруға несие беру (көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізу үшін)

📌 Сыйақы мөлшерлемесі:
Жылдық 5%, (ЖТСМ – жылдық 5%-дан бастап)

🏠 Кепілдікпен қамтамасыз ету:
✔️ Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты талаптарына 100% сай келетін мүлік;
✔️ Қарыз сомасының 85%-ын «Даму» КДҚ» АҚ кепілдендіреді. Қарыздың қалған бөлігі мен сыйақы мөлшерлемесін фермер Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясаты талаптарына жауап беретін кепілдікпен қамтамасыз етуі қажет.

❗ Несие мерзімі:
✔️ 2026 жылғы 1 наурызға дейін
💻 Бағдарламаның толық шартын agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар.