Жаңа зияткелік меншік объектісі - географиялық нұсқамалар

Жаңа зияткелік меншік объектісі - географиялық нұсқамалар

Ағымдағы жылдың 18 қазанында ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Ертай Қуанбаевтың төрағалығымен дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға Әділет департаменті, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ, Семей қаласы мен Абай ауданының ауыл шаруашылығы бөлім басшылары мен Абай облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары қатысты. Аталған жиында географиялық нұсқамаларды тіркеу арқылы оны қорғау және өңірімізде өндірілетін тауарлардың ұлттық брендін қорғауды дамытуға, сондай-ақ олардың нарықта танымалдылығын, инвистициялық тартымдылығын арттыруға және туристік саланы дамытуға ықпал ету мақсатында өтті. Облысымыздан Абай ауданының қымыз және саумалдан жасалатын балмұздағы,«Зайтенов» шаруа қожалығының гауда ірімшігі, «Арай-East food» ЖШС қазы өнімдерінің тіркелу үшін әлеуеті жоғары.


Географиялық нұсқама - географиялық объектінің аумағынан шығарылатын, белгілі бір сапасы, репутациясы немесе басқа да сипаттамалары едәуір дәрежеде оның географиялық шығу тегімен байланысты тауарды сәйкестендіретін белгілеме яғни, атауында шығу тегі көрсетілген белгілі бір аймақтан келетін тауарлар. Тұтынушылар бұл тауарларды оның шыққан жеріне назар аудара отырып, белгілі бір сапа деңгейімен, қасиеттерімен немесе беделімен байланыстырады.