ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауылды дамытуға атсалысып жатқан агробизнес өкілдерін марапаттады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауылды дамытуға атсалысып жатқан агробизнес өкілдерін марапаттады

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ауылды дамытуға атсалысып жатқан агробизнес өкілдерін марапаттады

Ағымдағы жылдың 16-17 тамыз аралығында Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ильясов ауылында «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» атты республикалық семинары өтті. Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, барлық облыс әкімінің орынбасарлары, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары мен ірі шаруашылық құрылымдарының төрағалары және де өңірімізден Абай облысы ауыл шаруашлығы басқарма басшысы Ертай Қуанбаев пен басқарма басшысының орынбасары Бауржан Артыкпаев, «Өрнек» ЖШС директоры Ержан Қойгелдин мен «Мәуліт» шқ директоры Қайырлы Қасенов шақырылып, қатысты.

Семинарда ауыл аймақтарын дамытудағы агробизнестің рөлі, оның әлеуметтік жауапкершілігі туралы атап өтіліп, әр түрлі аумақтардан арнайы келген қатысушылар ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өзіндік біліктіліктермен және инновациялық шешімдермен бөлісті. Сонымен қоса, «Өрнек» ЖШС басшысы Ержан Койгелдин сөз сөйлеп, мемлекет тарапынан барлық қолдау шаралары көрсетілуі мен ауыл шаруашылығын дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарын да атап айтты.

Және де «Үлгілі елді мекен» байқауының қорытындысы шығарылып, ауыл аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді атсалысып жүрген ең үздік ауыл шаруашылығы өндірушілер марапаттарымен - «Өрнек» ЖШС басшысы Койгелдин Ержан мен «Мәуліт» ш/қ басшысы Қасенов Қайырлы марапатталды.